Тарихи шешім

67

0

Өзінің үш жылдық жұмысында Ұлттық құрылтай қоғамды нығайтуға бағытталған идеяларды ұсынумен ерекшеленді. Сол арқылы стратегиялық қадамдарды әзірлейтін негізгі институт ретінде қалыптасты. Оның дамуы мен нақты бастамаларды жүзеге асыруы өзектілігін дәлелдеді.

Алдағы уақытта Ұлттық құрылтайдың бесінші отырысы Алаш баласы үшін қасиетті мекен – Сыр өңірінде өтетін болып шешілді. Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев кеше Көкшетауда болған төртінші отырысында Қызыл­орда­ның қазақ халқының тарихында айрықша орны бар екенін атап өтті. Жүз жыл бұрын ел астанасы мәр­тебесін иеленіп, ұлт атауының қайта оралуына ұйытқы болған Қызылорда биыл сол атаулы оқиғаның ғасырлық тойын атап өткелі отыр. 

Қай кезде де Сыр өңірі байыпты бастама, жарқын жобалар, іргелі істерімен ерекшеленеді. Облыстың дамуында инфрақұрылымдық баста­малардың маңызы зор. Бұл бағытта бізде жасалып жатқан жұмыстар аз емес. Мәселен,  «Акса Энерджи» түрік компаниясының инвестициясы есебінен қуаттылығы 240 мегаваттық жаңа жылу-электр орталығының құрылысы қарқынды жүруде.

Сондай-ақ өңірде «Қызылорда-Жезқазған» тас жолының басым бөлігі пайдалануға берілді. Алдағы уақытта «Батыс Еуропа – Батыс Қытай» халықаралық дәлізінің Қы­зылорда мен Ақтөбе облысы ара­лы­ғындағы бөлігін төрт жолақты етіп кеңейту қолға алынбақ. Былтыр облыс орталығындағы «Қорқыт ата әуежайында» жаңа жолаушылар терминалы ел игілігіне айналды. Ал облыста халықтың 80 пайызға жуығы «көгілдір отынмен» қамта­масыз етілген. Қысқасы, мұндай тарихи шешімнің қабылдануы өңір­дің дамуын жаңа сатыға көтереді.

Жорабек НҰРЫМБЕТОВ,

облыстық мәслихат депутаты

 


>>> Біздің Facebook, Instagram парақшаларымыз бен Telegram каналымызға жазылыңыз! <<<