Тарихи жеңіс! Қазақстан футзалдан әлем чемпионатының ширек финалына шықты

56

0

Фото: ашық дереккөз

Футзалдан Қазақстан командасы Өзбекстанда өтіп жатқан әлем чемпионатының 1/4 финалына шықты, – деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.

Ширек финалға жолдама беретін матчта қазақстандықтар қазіргі әлем чемпионы Португалияға қарсы ойнады. 

Ойында алғаш болып Шыңғыс Есенаманов есеп ашса, қарсыластар Зикидің көмегімен теңестірді.

Ал екінші кезеңнің ең соңғы сәттерінің бірінде Дәурен Тұрсағұлов біздің команданы алға шығарып, Қазақстан 2:1 есебімен жеңіске жетті.

Осылайша, Қазақстан командасы әлем чемпионатының ширек финалына өтті.

Ширек финалда Аргентина-Хорватия кездесуінде жеңіске жеткенімен кездеседі.

 


>>> Біздің Facebook, Instagram парақшаларымыз бен Telegram каналымызға жазылыңыз! <<<