Қызылорда қаласындағы Мұз айдынында волейболдан ұлағатты ұстаз, спорт ардагері Тұрғанбек Алтынбеков атындағы турнир өткізілді.
Топтық ойындар тартысты өтті. Алаңға ширығып шыққан жаңақорғандықтар «Қызылорда-ардагер» командасынан басым түсті. Байқоңыр қаласының құрамасы шиелілік команданы ұтты. «Қызылорда-ардагер» мен Шиелі ауданының командасы үшінші орын үшін тартысты. Бұл кездесуде шиеліліктер басым түсті.
Финалдық сайыста Байқоңыр мен Жаңақорған командалары бақ сынасты. Тартысты кездесуде Жаңақорғаннан келген команда жеңіске жетіп, турнирдің бас жүлдесін иеленді.
Осы күні Тұрғанбек Алтынбеков туралы «Дауылпаз Динамо» естелік кітабының тұсауы кесіліп, жарысты тамашалауға келген көрермендер мен спортшыларға таратылды. Соңынан ас беріліп, дұға бағышталды.
Нұрмахан ЕЛТАЙ.
>>> Біздің Facebook, Instagram парақшаларымыз бен Telegram каналымызға жазылыңыз! <<<