Ыстық ауа райында адамдарға демалыс орнын таңдау сұрақ туындаған кезде, су айдындары жиі таңдалады. 11 шілде күні «Оңтүстік өңірлік аэроұтқыр жедел құтқару жасағы» мемлекеттік мекемесінің құтқарушылары Қызылорда қаласының Төтенше жағдайлар басқармасының қызметкерлері, жергілікті полиция қызметі Сырдария өзені жағасы, Қызылорда каналы және «Эдельвейс» саяжайларында суға шомылуға жабдықталмаған орындарда түнгі мезгілде рейд жүргізді.
Рейд кезінде жасақ құтқарушылары тұрғындарға су айдындарында тек ләззат пен жағымды естеліктер алу үшін, өзін қалай ұстау керектігін түсіндірді. Құтқарушылар суда адамға қауіп тудыруы туралы әңгімеледі. Азаматтарға су айдынына күндіз шомылған қауіпсіз екенін, жалғыз болып және жағадан алысқа қарай шомылмағанын еске салды.
Қайғылы жағдайлардың негізгі себептері – су айдынында алкогольдік ішімдіктер пайдалану, өз-өзін шектен тыс бағалау және су жағасында балалардың ересектердің қадағалауынсыз қалуын түсіндірді.
Кейбір демалушылар белсенді демалыссыз қалайды, алкогольдік сусынның бөтелкесімен бірге отырады, сосын суға сүңгиді. Сондықтан мұндай азаматтарды көрген соң, құтқарушылар оларға жағажайда алкогольді ішімдіктерді ішіп, содан кейін мас күйінде шомылып қайғылы жағдайларға тап болуы мүмкін екенін түсіндіруге тырысты.
Күн батқан кезде су мен ауа температурасы айтарлықтай төмендейді. Осыған байланысты суық суға шомылу және қандағы алкоголь деңгейінің жоғарылауы бұлшықеттің тартылуына себеп болуы мүмкін. Денедегі бақылаудың жоғалуы судағы өлімнің негізгі себептерінің бірі болып табылады.
ҚР ІІМ ТЖК Оңтүстік өңірлік аэроұтқыр жедел құтқару жасағы
>>> Біздің Facebook, Instagram парақшаларымыз бен Telegram каналымызға жазылыңыз! <<<