Тас жолда көлік өртеніп кетті

128

0

Қызылорда облысы Шиелі ауданы Тартоғай елді мекені тұсындағы «Шымкент-Самара» тас жолының бойында «Chevrolet Lacetti» жеңіл автокөлігі жанып кетті, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі. 
Автокөлік Ресейден Өзбекстанға бағыт алып бара жатқан. Оқиға орнына Тартоғай өрт сөндіру бекетінің 4 маманы өрт сөндіру көлігімен дереу жетті. 
«Өрт сөндірушілер жылдам әрекет етіп, нақты іс-қимыл атқарды. Нәтижесінде өрт оқшауланып, 19 сағат 59 минутта толығымен сөндірілді. Өрт салдарынан зардап шеккендер мен қаза болғандар жоқ», – деп мәлім етті Қызылорда облысы төтенше жағдайлар департаменті өрт сөндіру және авариялық құтқару қызметінің баспасөз маманы Әлия Ережепова.