Ташкентте қоймада күшті жарылыс болды

422

0

Фото: ашық дереккөз

28 қыркүйекке қараған түні Ташкенттің Сіргелі ауданы «Құрылысшылар» филиалындағы «Inter Logistics» жауапкершілігі шектеулі серіктестігіне тиесілі қоймада күшті жарылыс болды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі Gazeta.uz-не сілтеме жасап.

Жергілікті уақытпен сағат 2:43-те ТЖМ-ға өрт туралы хабар келіп түскен. Жарылыстан кейін Ташкенттің Сіргелі ауданындағы қоймада өрт шықты. Зардап шеккендер бар. Желілердегі бейнежазбаларда үй мен басқа да заттардың қатты зақымдалғанын көруге болады. Қазір тілсіз жау ауыздықталды. Өрт сөндіру жұмыстары жалғасып жатыр.

Оқиға орнына 16 өрт сөндіру бригадасы мен 3 жүк көлігінің жүргізушісі сағат 02:48-де жеткен.

Әлеуметтік желіде тараған видеолардан қатты жарылыс естіледі. Жақын маңдағы үйлер, сауда және басқа да орталықтар айтарлықтай зардап шеккен. Жедел жәрдем пәтерлерді де аралап жүр.

ТЖМ оқиғаның ұшақ апаты салдарынан болғаны туралы ақпаратты жоққа шығарды.

Денсаулық сақтау министрінің мәліметінше, жарылыс салдарынан зардап шеккендер Республикалық жедел медициналық жәрдем ғылыми орталығы мен оның Ташкент облысындағы филиалына жеткізілген.

«Әзірге олардың арасында ауыр жарақат алғандар жоқ. Дәрігерлер зардап шеккендерге барлық қажетті медициналық көмек көрсетіп жатыр», – делінген хабарламада.

Жарылыстың себебі анықталған жоқ. Өрт әлі толығымен сөнбеді. Зардап шеккендер мен зақымданған көліктер саны анықталып жатыр.

 


>>> Біздің Facebook, Instagram парақшаларымыз бен Telegram каналымызға жазылыңыз! <<<