Татар этномәдени бірлестігі балаларға қуаныш сыйлады

257

0

Облыстық Қазақстан халқы ассамблеясының қолдауымен татар этномәдени бірлестігінің ұйымдастыруымен Асқар Тоқмағамбетов атындағы қалалық мәдениет үйінде мектепке дейінгі және бастауыш сынып оқушыларына арналған жаңажылдық ертеңгілік өтті.

Балғын балалар Аяз ата мен Ақшақарды бірлесіп шақырып, жасыл шыршаны айналды. «Жасмин» би тобының өнерін тамашалап, өздері де би сайыстарына, күш және жылдамдықты талап ететін ойындарға, бір аяқпен секіру эстафетасына қатысты.

Ертеңгілікте мандарин ойыны өте қызықты әрі тартымды өтті. Әуен ойнап тұрғанда ойыншылар мандаринды бір-біріне беріп үлгеру керек болды.  Әуен тоқтаған бойда мандаринды қолына алған балалар өз өнерлерін ортаға салды. Жаңа жылға арнап тақпақ айтып, Аяз ата мен Ақшақардан ойыншық алды.

Ертеңгілік жаңа жылдық кешке жалғасып, соңында барлық балаларға тәттілер таратылды.

Облыстық Қазақстан халқы

ассамблеясының баспасөз қызметі

 


>>> Біздің Facebook, Instagram парақшаларымыз бен Telegram каналымызға жазылыңыз! <<<