Облыстық «Бұл біздің таулар» фестивалінің аясында тауларға үш бидің есімін беру жоспарланып отыр. Бұл тапсырма Қазақстанның үш өңіріндегі альпинистерге сеніп тапсырылды. «Сіздер игі іс істеуді жоспарлап отырсыздар – тауларға біздің ұлы үш биіміздің Қазыбек би, Әйтеке би және Төле бидің есімдерін берейін деп жатырсыздар. Біз сіздерді Орбасы аумағынан шығарып саламыз. Ата-бабаларыңның рухы әрдайым сіздерді қолдап, жолдарыңыз жеңіл болсын», – деп батасын берді Қазыбек би мен Әйтеке бидің ұрпақтары. Сондай-ақ, таудын басына Түркістан, Қарағанды және Ақтөбе облыстарының альпинистері шығатыны айтылады.
Тауларға Қазыбек би, Әйтеке би және Төле бидің есімі беріледі
10.08.2018
359
0





