«Таза Қазақстан» экологиялық акциясы аясында Жалағаш кенті мен барлық ауылдық округтерде күзгі сенбілік ұйымдастырылды. Ауқымды тазалық шарасына көше тұрғындары, ардагерлер, Қазақстан халқы Ассамблеясының белсенді мүшелері, жастар мен мекеме қызметкерлері белсенді қатысты.
Сенбілік барысында көшелер мен тротуарлар, қоғамдық орындар, аяқсу арналары қураған шөп пен жапырақтардан тазартылып, ағаштар әктеліп, темір шарбақтар сырланды. Жиналған тұрмыстық қалдықтар арнайы техникамен шығарылды.
Аудан әкімі Ардақ Ибраимов «Таза Қазақстан» акциясы аясында ұйымдастырылған сенбілік жұмыстарына белсенді үлес қосқан аудан тұрғындарына алғысын білдірді.
Сонымен қатар, сенбілік барысында аудан кәсіпкерлері тазалық жұмысына шыққан азаматтарға қолдау көрсетіп, ыстық шай мен кофе ұсынып, игі іске өз үлестерін қосты.
Жалағаш ауданы әкімінің баспасөз қызметі






