«Таза Қазақстан» экологиялық акциясы аясында сенбілік өтті

150

0

Фото: Жалағаш ауданы

«Таза Қазақстан» экологиялық акциясы аясында кент және барлық елді мекендерде сенбілік ұйымдастырылып, тұрғындар мен мекеме қызметкерлері тазалық шараларына белсенді атсалысты.

Аудан әкімі Ардақ Ибраимов «Таза Қазақстан» акциясының маңыздылығын атап өтіп, санитарлық тазалықты сапалы жүргізу, жасыл желектерді күтіп ұстау жөнінде жауапты басшыларға нақты тапсырмалар жүктеді.

Іс-шара барысында көшелер мен жаяу жүргіншілер жолдары, қоғамдық орындар тазартылып, теміржол бойындағы, жол жиегіндегі, жаяу жүргіншілер жолындағы жабайы шөптер шабылды. Сондай-ақ, бордюрлер сырланып, жиналған қоқыс қалдықтары арнайы техникамен белгіленген орындарға шығарылды.

Жалағаш ауданы әкімінің баспасөз қызметі