«Таза Қазастан» республикалық экологиялық акциясы жалғасуда

515

0

Фото: ашық дереккөз

Сырдария ауданы тұрғындарының демалыс орнына айналған «Орталық саябақ», «Тағзым» алаңы, орталық алаңдағы кіші архитектуралық формалар, кент көшелері мен арықтары тазаланып, көпірлер мен ойын алаңдары сырланып, «Жастар» аллеясы аббатандыру жұмыстары жүргізілді.

Жаңаша өзгеріп жатқан «Тағзым» алаңындағы арықтар қайта қазылып, аяқ су жүргізілді. Кәсіпкерлерде тазалық жұмыстарына белсене қатысып, кәсіптік нысанның айналасын тазарту, ғимараттарын сырлады.

«Жасыл ел» еңбек жасағы мен «Сырдария» волонтерлер тобының мүшелері орталық алаңдағы гүлзарларды суару және тазарту жұмыстарын жүргізді.

Акцияға 825 адам қатысты. Сенбілік барысында елді мекен көшелеріндегі қоқыстарды тазарту, шөптерді шабу жұмыстары жүргізілді. Бұл жұмыстарға 14 техника қатыстырылып, 11 тонна қоқыс шығарылды.

Жалпы айтар болсақ, «Таза Қазақстан» республикалық акциясы аясында жалпы апта сайын сенбілік жұмыстары ұйымдастырылып, бүгінгі күнге дейін 8 мыңға жуық ағаш отырғызылып, 7 мың тонна тұрмыстық қалдықтар арнайы белгіленген орындарға шығарылды. Сырдария ауданына қарасты Тереңөзек кенті және ауылдық округтерде аяқ су жүретін арықтар қазылып, жалғызбасты қариялардың аулалары және су айдындары тазаланып, тарихи-мәдени ескерткіштердің аумағына, орталық көшелерде, аллеялар мен саябақтарда көркейту-көгалдандыру абаттандыру жұмыстары жүргізілді.

 


>>> Біздің Facebook, Instagram парақшаларымыз бен Telegram каналымызға жазылыңыз! <<<