«Таза жағалау» экологиялық акциясы өтті

541

0

Қызылорда облысы бойынша экология департаментінің ұйымдастыруымен 2024 жылдың 13 шілдесінде «Таза Қазақстан» акциясы аясында «Таза жағалау» экологиялық іс-шарасы өткізілді.

Акцияның мақсаты – демалыс орындарының, жағажайлардың тазалығын сақтау.

Қызылорда облысы бойынша экология департаменті ПМК-29», «Көксу» демалыс орындарына тазалау жұмыстарын жүргізді.

Одан бөлек сенбілікке барлық қала және аудан әкімдіктері, облыстық басқармалар, департаменттер мен инспекциялар жұмылдырылды.

Қызылорда облысы бойынша ұйымдастырылған сенбілікке  барлығы 10 мыңға жуық адам қатысып, 16 техника жұмылдырылып, 136,5 тонна қоқыс шығарылды. Нәтижесімен орталық полигонға 250 м3* қоқыс шығарылды.

Қызылорда облысы бойынша

экология департаменті

 


>>> Біздің Facebook, Instagram парақшаларымыз бен Telegram каналымызға жазылыңыз! <<<