Тазалық акциясы жалғасуда

186

0

Фото: Жалағаш ауданы

«Таза Қазақстан» экологиялық акциясы аясында сенбілік ұйымдастырылды. Тазалық жұмыстарына мекеме қызметкерлері, көше тұрғындары мен ерікті жастар белсенді атсалысты.

Сенбілік барысында кент көшелері мен қоғамдық орындар тазартылып, жабайы өскен шөптер шабылды, қураған бұтақтар кесілді. Жиналған қоқыстар арнайы техникамен белгіленген орындарға шығарылды.

Аудан әкімі Ардақ Ибраимов тазалық жұмыстарын аралап көріп, жауапты сала басшылары мен кент әкіміне санитарлық талаптарды тұрақты бақылауда ұстау, жасыл желектерді күтіп-баптау және аяқсуды уақытылы жеткізу бойынша нақты тапсырмалар берді. Сонымен қатар, сенбілікке белсенді қатысқан тұрғындарға алғысын білдірді.

Жалағаш ауданы әкімінің баспасөз қызметі