Тазалық жанашырларына құрмет

318

0

Фото: Жалағаш ауданы

Бүгін аудан әкімі Ардақ Ибраимов Жалағаш кентінің қоғамдық қызметте жүрген азаматтармен кездесті.

Кездесу барысында Жалағаш ауданының 85 жылдық мерейтойы қарсаңында арнайы төсбелгі және алғыс хаттар табысталды.

Туған жердің гүлденуіне зор үлес қосып жүрген жандарға алдымен аймақ басшысының алғысын жеткізген Ардақ Ибраимов, еселі еңбектер әркез қолдауға лайықты екенін айтты.

Ел Президенті 2025 жылды Қазақстан үшін Жұмысшы мамандықтары жылы деп жариялауы, жұмысшы мамандықтарын дәріптеу арқылы қоғамда еңбекқор және нағыз маман болу идеясын насихатталатынын жеткізді.

Жалағаш ауданы әкімдігі

 


>>> Біздің Facebook, Instagram парақшаларымыз бен Telegram каналымызға жазылыңыз! <<<