Тазалық жұмыстарына байланысты кеңейтілген мәжіліс өтті

387

0

Фото: Қармақшы ауданы әкімдігі

Өткен сенбіде аудан әкімі Жандос Еркінбектің төрағалығымен Қармақшы ауданы бойынша санитарлық тазалық және көркейту, көгалдандыру мәселелері бойынша кеңейтілген мәжіліс өтті.

Мәжіліске кент және ауылдық округ әкімдері, бөлім және мекеме басшылары, ардагерлер, кәсіпкерлер мен көше комитеттерінің өкілдері қатысты.

Күн тәртібіндегі «Аудандағы көркейту – көгалдандыру және санитарлық тазалық жұмыстары туралы» мәселесі бойынша аудандық тұрғын үй коммуналдық шаруашылығы, жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімінің басшысы Рустам Ефенов пен Жосалы кенті әкімінің міндетін атқарушы Алмасхан Досмұратов баяндама жасады.

«Тазалық жұмыстарымен барлық мекеме, кәсіпорын басшылары мен қызметкерлері және жеке кәсіпкерлер айналысып, тәртіпті сақтаулары қажет. Сонда ғана тазалық сақталады және елді мекендер көркейе түседі. «Тазалық – тазалаған жерде емес, тазалықты сақтаған жерде» дейді дана халқымыз. Осыған орай, тұрғындарға түсіндірме жұмыстарын күшейту қажет. Ауданымыздың тазалығын сырттан ешкім келіп тазалап бермейді. Ауданымыздың тазалығы «Өзгеге емес Өзімізге қажет» екенін естен шығармайық. Сонымен қатар, тал егу жұмыстары да назардан тыс қалмауы тиіс», – деді Жандос Еркінбекұлы.

Аудан басшысы мәжіліс барысында тұрғындардың ұсыныстары мен пікірлерін тындап, тиісті сала басшыларына бірқатар тапсырмалар жүктеді.

Қармақшы ауданы әкімінің баспасөз қызметі

 


>>> Біздің Facebook, Instagram парақшаларымыз бен Telegram каналымызға жазылыңыз! <<<