Кеше аудан әкімі Берік Сәрменбаевтың қатысуымен «Тазару күніне» орай «Таза Қазақстан» республикалық экологиялық бағдарламасы аясында тал егілді.
Шараға мемлекеттік мекеме қызметкерлері, еріктілер және аудан тұрғындары белсене атсалысты.
Сонымен қатар, кент және ауылдық округтерде көркейту-көгалдандыру және санитарлық тазалық шаралары ұйымдастырылды.
Тазалық жұмыстары барысында көшелер, саябақтар мен қоғамдық орындарда талдарды балақтау, шөптерді шабу, су жолдарын тазарту жұмыстары жүргізілді.
Алдағы уақытта санитарлық-тазалық жұмыстары тұрақты түрде жүргізіледі. Аудан тұрғындарын қоршаған ортаны таза ұстап, көркейту-көгалдандыру жұмыстарына үлес қосуға шақырамыз!
Сырдария ауданы әкімінің баспасөз қызметі
>>> Біздің Facebook, Instagram парақшаларымыз бен Telegram каналымызға жазылыңыз! <<<