Тазару күні: Спорт саласының қызметкерлері қала тазалығына үлес қосты

234

0

Фото: Спорт басқармасы

Бүгін Наурызнама онкүндігіне сәйкес 23 наурыз – Тазару күні. Бұдан бөлек, «Таза Қазақстан» экологиялық акциясы аясында Қызылорда облысының дене шынықтыру, спорт және туризм басқармасы және басқармаға бағынысты спорт мектептерінің қызметкерлері бүгін жаппай сенбілікке қатысып, қала аумағын тазарту жұмыстарын белсенді жүргізді.

Сенбілік барысында сала қызметкерлері белгіленген аумақты қоқыстан тазарту, әктеу-сырлау, ағаш отырғызу сынды жұмыстар атқарды.

Қызылорда облысының дене шынықтыру, спорт және туризм басқармасы

 


>>> Біздің Facebook, Instagram парақшаларымыз бен Telegram каналымызға жазылыңыз! <<<