Тазару күніне орай тал егу іс-шарасы өтті

240

0

Фото: Жалағаш ауданы әкімдігі

Бүгін, 23 наурыз – Тазару күні мерекесі қарсаңында Жалағаш ауданында тал егу акциясы ұйымдастырылды. Шараға аудан әкімі Ардақ Ибраимов қатысып, табиғатқа деген құрметімізді білдіріп, тал отырғызды.

Ардақ Ибраимов: «Табиғатқа деген құрметіміз – елдің болашағына жасалған инвестиция. Бүгінгі егілген әрбір тал мен ағаш – біздер үшін жарқын болашақтың белгісі. Бұл акция болашақ ұрпаққа көгалдандырылған, таза табиғат қалдыру үшін маңызды қадам болып табылады» – деп атап өтті.

Мереке қарсаңында Жалағаш кенті мен ауылдық округтерде талдар отырғызылып, көгалдандыру жұмыстары мен санитарлық-тазалық акциялары жалғасын табуда.

Тазару күні табиғаттың қайта оянуы мен жаңаруының белгісі болып табылады. Барша тұрғындарды осы игі шараға қатысып, өз үлестерін қосуға шақырамыз!

Ұлыстың ұлы күні болашаққа ізгілік пен үміт сыйласын!

Тазару күніне орай тал егу іс-шарасы өтті

 


>>> Біздің Facebook, Instagram парақшаларымыз бен Telegram каналымызға жазылыңыз! <<<