«Түбіртекті талап ет те – жүлдені ұтып ал!» науқаны басталды

369

0

«Түбіртекті талап ет те – жүлдені ұтып ал!» науқаны басталды Астана қаласы бойынша Мемлекеттік кірістер департаменті «Атамекен» Қазақстан Республикасының Ұлттық кәсіпкерлер палатасының қолдауымен 2018 жылғы 21 мамырдан бастап «Түбіртекті талап ет те – жүлдені ұтып ал!» кезекті акцияcы басталды, деп хабарлайды Baq.kz ақпарат агенттігі.

Акцияның мақсаты азаматтық белсенділікті арттыру, тауарлардың, жұмыстардың және қызметтердің тұтынушылары ретінде өз мүдделерін қорғау мәселелерінде азаматтардың құқықтық мәдениетін тәрбиелеу, көлеңкелі экономиканың мөлшерін қысқарту, сондай-ақ кәсіпкерлер арасында әділ бәсекелестікті ынталандыру болып табылады.

Осылайша, Астана қаласы бойынша Мемлекеттік кірістер департаменті азаматтарымызға салық заңнамасын сақтау бойынша қоғамдық бақылауға қатысуына, және оның үстіне бағалы сыйлықтар ұтып алуға мүмкіндік береді.

Өткен жылдағыдай, ағымдағы жылы да акция «Wipon» мобильді қосымшасы арқылы жүзеге асырылатын болады, бұл қосымшаны Apple App store және Google Play market-тен тегін жүктеуге болады.

Акцияға фискалды чектің суретін жіберу жолымен тауардың, жұмыстың немесе қызметтің тұтынғанын растаған Қазақстан Республикасының азаматтары қатыса алады. Егер фискалды чек берілмеген жағдайда, азаматтар бұл бұзушылықтарға шағым жасауы мүмкін. Қайталанып жіберілген фискалды чектер ұтысқа қатыспайды.

Чектерді қабылдау ағымдағы жылғы 21 мамырдан 30 қарашаға дейінгі кезеңге жүргізіледі. Осы кезеңде барлық облыстар мен Астана және Алматы қалаларында сыйлықтардың ұтысы мен оларды табыстау өтеді.

Бас финал жылдың соңында ҚР ҚМ Мемлекеттік кірістер комитетінде өтеді. Онда бағалы сыйлықтар, оның ішінде бас жүлде – автомобиль ұтысқа салынады.

Ұтыс жеңімпаздары чекті кездейсоқ таңдау әдісімен анықталатын болады. Осылайша, қатысушы қаншалықты көп чек жіберсе, жүлдені ұтып алу мүмкіндігі де соншалықты өсе түседі.

Акция кәсіпкерлердің қолма-қол ақшамен тауарларды сатып алғаны, жұмыстарды орындағаны және қызметтерді көрсеткені үшін ақшалай есеп-айырысулар кезінде чектердің беруін қамтамасыз етуге бағытталған.

 


>>> Біздің Facebook, Instagram парақшаларымыз бен Telegram каналымызға жазылыңыз! <<<