Куәгерлердің айтуынша, театрға жалғана салынған ғимарат жанып жатыр. Редакцияға видео мен фото келіп түстіү Қазақ драма театры қала ортасындағы Абай көшесінде орналасқан. ІІМ ТЖК ресми өкілі Нұрсұлтан Нұрахметовтің мәлімдеуінше, 14:30-да Атыраудың «101» пультіне М. Өтемісұлы атындағы Қазақ драма театрында өрт шыққаны жайлы хабар түскен.
«Екінші қабатта электрқалқан жанып, кейін от ғимараттың шатырына тараған. Өрттің болжамды аумағы – 1500 шаршы метр. Өртті сөндіруге жеке құрамның 40 адамы мен ТЖД-нің жеті техникасы жұмылдырылды. Полиция қызметкерлері драма театрының аумағын қоршады», – деді Нұрахметов. Фото мен видео куәгерлерден. Өрттің себебі, аумағы мен басқа да мәліметтер анықталып жатыр.





