Атыс Walmart супермаркетінде Cielo Vista Mall сауда орталығына жақын маңда болған. Полиция 21 жастағы ер адамның ұсталғанын хабарлады. Билік оның атын атамады, алайда, БАҚ дерегі бойынша, оның есімі Патрик Крусиус. Қала полициясының басшысы Грег Аллен Эль-Пасодағы атыс ісі өшпенділікпен жасалған қылмыс ретінде қаралатындығын айтты. АҚШ президенті Дональд Трамп Twitter-де қаза тапқандардың отбасына көңіл айтып, бұл оқиғаны «тек қана қайғылы жағдай деп емес, қорқақтық» деп атады.
Фото: © EPA-EFE/IVAN PIERRE AGUIRRE





