Техно шолу: Huawei Watch 2

351

0

Техно шолу: Huawei Watch 2 Huawei компаниясы өз смартфондарымен қатар планшеттер, фитнес-білезіктер және ақылды сағаттарды жасап, сатылымға шығарып жүр. Әр құрылғы бірегей дизайнда, жан-жақты функциялармен жасалады. Сондай айрықша девайстың бірі – Huawei Watch 2. Ақылды сағаттың алғашқы Huawei Watch моделі классикалық үлгіде жасалған еді. Бұл жолғы Huawei Watch 2 спорттық, еркін стильге негізделген. Ал классикалық үлгіні ұнататындар үшін Huawei Watch 2 Classic ақылды сағаты қоса жасап шығарылған. Huawei Watch 2 спортпен тұрақты айналысатындар үшін таптырмас девайс, сондай-ақ, ақылды сағат смартфонның біршама функцияларын алмастыра алады.
Оперативті жүйесі: Android Wear 2.0 Процессоры: 4 ядролы Qualcomm Snapdragon 2100, 1100 МГц Қабылдайтын платформалары: Android 4.3 пен iOS 9-дан жоғары Ішкі жады: 4 GB Жедел жады: 768 MB Дисплей: сенсорлы AMOLED Батарея қуаттылығы: сағатына 420 mA  Корпус материалы: пластик Қолбау материалы: силикон
Массагет.кз сайтынан

 


>>> Біздің Facebook, Instagram парақшаларымыз бен Telegram каналымызға жазылыңыз! <<<