«Тек бизнес-класс, люкс нөмір». Әнші Мирас Жүгінісовті тойға шақыру қанша тұрады?

137

0

Фото: Әлеуметтік желі

Мирас Жүгінісовтың гонорары қанша? Бұл сұраққа музыкалық блогер Ғалымжан Сан әлеуметтік желідегі парақшасында жауап берді, – деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.

Блогердің айтуынша, әнші іс-шарада өнер көрсетуі үшін ұйымдастырушы алдымен бірқатар шарттарды орындауы қажет.

«Мені қатты таңғалдырған, ол – Мирас Жүгінісов. Оның райдері. Әншінің грим бөлмесіне бөтен адамның кіруіне қатаң түрде тыйым салынады. Мирас Жүгінісов пен оның директоры тек бизнес-класспен ұшуы керек, олармен бірге дыбыс режиссері де жүреді, бірақ ол эконом-класспен ұшса болады. Егер де әншінің немесе оның жұмыс тобының жүгі ұшақта шектен асып кетсе, оның ақысын кім төлейді? Әрине, өздері емес, сіз, яғни той не кеш иесі төлейді. Әншіні күтіп алуы үшін оның көлігі кем дегенде 10 болған көлік болуы шарт, одан ескісі болмайды. Оны Cadillac немесе Toyota Land Cruiser 200 маркалы көлігімен күтіп алу міндетті. Әнші қонақүйде міндетті түрде люкс нөмірде жатуы керек.

Ал оның көмекшісі қарапайым нөмірде жатса болады. Мирасты шақыру үшін тіпті оның грим бөлмесінде де қатаң шарттары бар. Мысалы, шай, лимон, капучино деген сияқты. Осының барлығын орындайтын болсаңыз, Мирас Жүгінісов сіздің тойыңыз немесе кез келген іс-шараңызда өнер көрсетеді. Осы үшін Мирас Жүгінісов қанша сұрайды? Тек ән айтқаны үшін 4 миллион теңге», – деді блогер.

 


>>> Біздің Facebook, Instagram парақшаларымыз бен Telegram каналымызға жазылыңыз! <<<