Тектік құжаттар архив қорына тапсырылды

485

0

Тектік құжаттар архив қорына тапсырылды Облыстық сотта Алғыс айту күніне орай өткізілген салтанатты жиында «Үш би» төсбелгісін иеленген отставкадағы судьялардың тарихи тектік құжаттары алғаш рет ұлттық архив қорына табысталды.

Шараға облыстық сот төрағасы Қамбар Нұрышев, облыстық қоғамдық-саяси тарихи мемлекеттік архивінің басшысы Гүлшат Ахметова, судьялар және отставкадағы судьялар қатысты.

Жиында облыстық сотының төрағасы Қ.Нұрышев аталған мерекемен құттықтап, отставкадағы судьялардың құжаттарын ұлттық архив қорына табыстады.

Шара барысында облыстық сот судьясы Молдабек Ахметов «Үш би» төсбелгісін иеленген отставкадағы судьялардың еңбек жолдары мен қызмет атқарған уақытта жеткен жетістіктеріне тоқталды.

Облыстық сот төрағасы шараға қатысушыларға ел дамуы жолындағы еңбектеріне жеміс, бейбіт өмір мен жақсылықтар тіледі. Сонымен бірге, отставкадағы судьяларға сот жүйесінің дамуына қосқан елеулі үлестері үшін сот ұжымы атынан ризашылығын жеткізіп, алғыс хат табыстады.

Ш.АЛТЫНБЕКҚЫЗЫ.

 


>>> Біздің Facebook, Instagram парақшаларымыз бен Telegram каналымызға жазылыңыз! <<<