Сурет: ҚР СІМ
Қазақстанның Сыртқы істер министрлігі Тель-Авивтен Алматыға көтерілген ұшақ туралы ақпарат берді, деп хабарлайды Zakon.kz.
«Ағымдағы жылдың 10 қазанында Астана уақыты бойынша сағат 16:45-те Тель-Авивтен (Израиль) Қазақстанға репатриациялық рейс ұшты, бортында 166 жолаушы бар, оның 124-і Қазақстан Республикасының азаматтары және 42-сі шетел азаматтары», – делінген ҚР Сыртқы істер министрлігінің Telegram-каналында жарияланған хабарламада.
Ұшақ бүгін кешке Алматыға келеді деп күтілуде.
>>> Біздің Facebook, Instagram парақшаларымыз бен Telegram каналымызға жазылыңыз! <<<