Телікөл ауылдық округінде ауылішілік жолдарды жөндеу жұмыстары қарқынды жүргізілуде. Бұл – тұрғындардың қауіпсіздігі мен өмір сүру сапасын жақсартуға бағытталған маңызды бастама.
Аудан әкімі Айтбай Жандарбеков пен «AMANAT» партиясы Шиелі аудандық филиалының төрағасы Болат Сыздық жол жөндеу жұмыстарының барысымен арнайы барып танысты.
Атап айтқанда, Доспан Шайық, Қ.Әбдіқадіров, Т.Жұматов, Ә.Тәжібаев, Жуантөбе, Қаратау, Қышқұдық, Сейхун, Қ.Мұңайтпасов көшелерінде жол жөндеу жұмыстары жүргізілуде. Қазіргі таңда жолдарды тегістеу, қиыршық тас төсеу және асфальттау жұмыстары кезең-кезеңімен атқарылып жатыр.
Аудан басшысы мердігер мекемеге жол сапасына ерекше назар аударып, жұмыстарды мерзімінде аяқтауды тапсырды.
Ауыл тұрғындары үшін бұл — көптен күткен, нақты жүзеге асып жатқан жағымды жаңалықтың бірі.
Шиелі ауданы әкімдігінің баспасөз қызметі






