Темекінің зардабымен күреске жыл сайын 300 млрд теңге жұмсалады – министр

647

0

Фото: ҚазАқпарат

Темекінің шегудің салдарынан болатын ауруларды емдеуге жыл сайын 300 млрд теңге жұмсалады. Мұны Орталық коммуникациялар қызметінде өткен брифингте Денсаулық сақтау министрі Ажар Ғиният айтты, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

«Темекі шегу – жүрек, тыныс алу ағзаларының ауруларына, респираторлық және қант диабеті сияқты дерттерге әкеп соғады. Денсаулық сақтау министрлігі аталған ауруларды емдеуге жыл сайын 300 млрд теңге жұмсайды. Яғни біз темекінің зардаптарымен күреске, атап айтқанда операция, емдеу, оңалтуға осыншама ақша бағыттаймыз», – деді Ажар Ғиният БАҚ өкілдерінің сауалына жауап бере отырып.

Еске салайық, бұған дейін елімізде вейп пен электронды темекіге толық тыйым салынуы мүмкін екенін хабарлап едік.

Сондай-ақ, электронды темекі адам денсаулығы үшін қаншалықты қауіпті екенін жазған болатынбыз.

 


>>> Біздің Facebook, Instagram парақшаларымыз бен Telegram каналымызға жазылыңыз! <<<