Темекіні тастаудың тиімді жолы табылды

316

0

Темекіні тастаудың тиімді жолы табылды АҚШ-тағы Пенсильвания университетінде Скотт Халперн (Scott Halpern) жетекшілік ететін ғалымдар тобы шылым шегуден бас тартуға электрондық темекілер көмектеспейтінін анықтады. Зиян әдеттен бас тартудың тиімді жолы – ақша ұсыну болып шықты. Мамандардың осы мәселені зерттеген мақаласы New England Journal of Medicine журналында жарияланды, деп хабарлайды Вaq.kzақпарат агенттігі.

CBS News басылымы таратқан ақпаратқа сүйенсек, зерттеуге темекі шегетін алты мыңға жуық адам қатысты. Олар денсаулығын сауықтыру бағдарламасы аясында бірнеше топқа бөлінді және әр топқа темекіден бас тарту әдісі тағайындалып, бақылауға алынды.

Бірінші топқа салауатты өмір салтын ұстанудың пайдасы туралы мотивациялық ақпараттар айтылды; екіншісіне никотин пластырлар мен фармацевтикалық препараттар, мысалға варениклин берілді; үшінші топтағыларға электронды темекі ұсынылды. Соңғы екі топқа қосымша 600 доллар беріп отырды. Егер алты ай бойы темекіден арылмаса, онда ақшадан айырылып қаласың деген шарт қойылды.

Сонда жай көмек ұсынылған топтың тек 0,1 проценті ғана темекіні тастаған. Ал басқа топтарда 0,5 және 3 процент аралығында болады. Ең жақсы көрсеткіш ақша алып отырған қатысушыларға тиесілі. Айта кетерлігі, бұл шығынды өз қызметкерлерінің темекі тастағанын қолдайтын ірі компаниялар өтеді.

 


>>> Біздің Facebook, Instagram парақшаларымыз бен Telegram каналымызға жазылыңыз! <<<