Теміржол вокзалы құрылысы қарқынды жүргізілуде

3

0

Фото: Жалағаш ауданы әкімінің баспасөз қызметі

Облыс әкімінің орынбасары Бахыт Жаханов пен аудан әкімі Ардақ Ибраимов Жалағаш кентіндегі теміржол вокзалы ғимаратының құрылыс жұмыстарын бақылап көрді.

Сапар барысында облыс әкімінің орынбасары құрылыс жұмыстарының сапасын назарда ұстау қажеттігін атап өтіп, мердігер мекемеге нысанның құрылысын одан әрі жеделдету, аумақты абаттандыру және инженерлік инфрақұрылымдарды толық қамту бойынша нақты тапсырмалар жүктеді.

Айта кетейік, қазіргі таңда вокзал ғимаратының құрылысы қарқынды жүргізілуде. Құрылыс алаңында қажетті техника мен жұмыс күші толық жеткілікті, құрылысшылар ғимараттың қабырғасын қалау жұмыстарын аяқтау сатысына жақындатты.

Жалпы, Жалағаш ауданы аумағынан өтетін теміржол желісінің ұзындығы 47 шақырымды құрайды.

Жаңа вокзал ғимараты іске қосылған соң, аудан тұрғындары мен жолаушылар үшін теміржол қызметінің сапасы артып, жлдаушыларға қолайлы жағдайлар жасалатын болады.

Жалағаш ауданы әкімінің баспасөз қызметі