Теміржолдарды су басу қаупі жоқ – Көлік министрі

488

0

Фото: Үкіметтің баспасөз қызметі

Көлік министрі Марат Қарабаев Үкімет отырысында тасқын болып жатқан өңірлердегі теміржолдардың жағдайы туралы баяндады, деп хабарлады Қазақпарат.

«Теміржолда ұлттық оператор (Қазақстан Темір жол» ұлттық компаниясы – ред) тасқынға қарсы 45 пойыз жасақтады. Ақтөбе және Қарағанды облыстарында қауіпті учаскелер мен көпірлерде қозғалыс жылдамдығына сағатына 25 шақырымдық шектеу енгізілді. Қазіргі уақытта теміржолдарда жағдай тұрақты, су басу және бұзылу қаупі жоқ», – деді ол.

Министрдің сөзінше, темір жолдардан жоғары орналасқан 83 су қоймасы мен бөгеттің жағдайы тексерілген. Тексеру қорытындысы бойынша, 3 556 көпір, 6 356 құбыр, 2 024 шақырымдық кювет пен 550 шақырымдық арық тазартылған.

 


>>> Біздің Facebook, Instagram парақшаларымыз бен Telegram каналымызға жазылыңыз! <<<