Темір тордың арғы жағындағы концерт

209

0

Қызылорда облысы ҚАЖ департаменті ЗК-169/5 мекемесінде облыстық филармония өнерпаздары «Еліміздің еркіндігі – тәуелсіздік» атты мерекелік концерт өткізді. 
Мекеме  жасақтарынан құралған 150-ге тарта жаза мерзімін  азаматтаға арнайы ұйымдастырылған концерттік бағдарлама еліміздің Мемлекеттік Әнұранымен ашылып, мекеменің сотталғандар арасында әлеуметтік-психологиялық тәрбие жұмыстары бойынша бөлімінің бастығы әділет капитаны Д. Ералиевтің мерекелік құттықтау сөзі тыңдалды. Сондай-ақ өнерпаз әншілердің мерекелік және патриоттық тақырыптағы (Атамекен, Қазақ елі, Туған жер, Беу айдай, Нақыл, Менің қазағым, Бүлдірген) әндері жаза мерзімін өтеуші азаматтардың  патриоттық сезімдерін оятып,  көтеріңкі көңіл күй сыйлады. Жазасын өтеуші азаматтармен атқарылып жатқан  осындай игі шаралар өте маңызды және тәрбиелеу шарасындағы ықпалдың бірден-бір айқын тұсы деп есептейміз.  
Қызылорда облысы
ҚАЖ  департаменті
ЗК-169/5 мекеменің
САӘПТЖБ бөлімінің бастығы
әділет капитаны Д.Ералиев

 


>>> Біздің Facebook, Instagram парақшаларымыз бен Telegram каналымызға жазылыңыз! <<<