Теңізден табылған бөтелкедегі сұйықтықты ішкен төрт балықшы қайтыс болды

503

0

Фото: Sondakika.com

Шри-Ланкада 4 балықшы теңізден тапқан белгісіз бөтелкедегі сұйықтықты ішіп өмірден өтті. Тағы 2 балықшының өміріне қауіп төніп тұр, – деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.

Шри-Ланка әскери-теңіз күштері оқиғаны анықтау үшін тергеу жұмыстарын бастады.

Sondakika.com хабарлауынша бір топ балықшы теңізден тапқан бөтелкедегі сұйықтықты қызық көріп ішкен. Сұйықтықтың не екені әлі белгісіз.

 


>>> Біздің Facebook, Instagram парақшаларымыз бен Telegram каналымызға жазылыңыз! <<<