Тергеу изоляторында тінту жұмыстары қалай жүргізіледі?

1136

0

Қызылорда облысы ҚАЖ департаментіне қарасты ЗК-169/1тергеу изоляторында жапай тінту жұмыстары жүргізілді.

Бұл іс-шара мекеменің РжКБ-нің тоқсандық жоспарына сәйкес өткізілді.

Тінту іс-шараларын өткізудің негізгі мақсаты: күтпеген жағдайлардың алдын алу және мекемедегі құқықтық тәртіпті нығайту үшін қамаудағылардан тыйым салынған заттарды алып қою болып табылады. Тінту жұмыстарының қалай өткізілгендігі жайлы РжКБ-нің бастығының міндетін атқарушы, аға лейтенат А.Батырбеков былайша баяндап берді:

Тергеу изоляторы қауіпсіздігі орташа мекеме. Мұнда күдіктілер, айыпталушылар мен тергеу қамауындағылар және бес жылға дейінгі біріншірет бас бостандығынан айрылған сотталғандар қамауда ұсталынады. Міне, осы азаматтардан мекемеде ұстауға тиым салынған заттарды тәркілеу мақсатында, әр тоқсан сайын жылдық жоспарға сәйкес, жаппай тінту іс-шараларын өткізіп отырамыз. Бұл жолы аталған іс-шараның тиісті деңгейде өтуін қадағалау мақсатында Қызылорда облыстық прокуратурасынан 2 қызметкер және департаментке қарасты ЗК-169/4, ЗК-169/5 мекемелерінің жеке құрамы шақыртылды. Таңертең барлық жиналғандар сапқа тұрғызылып, іс-шараның өтілу барысы пысықталды. Сонан соң, тексеру тобы мен арнайы темір іздегіш құралдармен жасақталған  жеке құрам, мекеменің арнайы контигент ұсталынатын ішкі ғимаратына кіргізілді. Алдымен қапастардағы азаматтар  арнайы алаңқайға шығарылып, олардың керуетіндегі көрпе- төсектері, шкафтарын жеке-жеке кезегімен қарап шықты. Одан кейін, медицина бөлмелері, шаруашылық бөліміне қалдырылған сотталғандардың жатаханасы, асхана, монша, бу қазандықтары, тіптен санитариялық тораптарға дейін мұқият тексерілді.

Арнайы тексеру тобының көз алдында, жіті қадағалаумен өткізілген тінту жұмыстары бойынша қамаудағылар тарапынан еш арыз-шағым болған жоқ. Тексеру барысы бейнежазбаға жазылынды.Тінту жұмыстарына желілік емес локатор қолданылды. Барлық бекеттерге қызметкерлер, кинолог бақылаушылар жұмылдырылды. Сондықтан, РжКБ-нің жаппай тінту іс- шарасы өз деңгейінде өтті.

 


>>> Біздің Facebook, Instagram парақшаларымыз бен Telegram каналымызға жазылыңыз! <<<