Тергеу мекемесінің жеке құрам қызметкерлері жаздық киім үлгісіне көшті

488

0

Фото: Полиция департаменті

Бүгін қылмыстық атқару саласына қарасты №68 мемлекеттік мекемесінде саптық тексеріс өтті. Саптық тексеріс барысында қызметкерлердің сыртқы көрінісі – оның белгіленген талаптарға сәйкестігі тексерілді.

Іс-шарадан күні бұрын кадр саясаты тобының аға инспекторы, әділет капитаны Д.Шахи жеке құрамға саптық тексеріс болатындығы жөнінде хабарлады. Жеке құрам саптық тексеріске жауапкершілікпен қатысты. Саптық бой түзеу барысында қызметкерлердің жазғы киім үлгісін киюге көшу дайындығы, жеке құрамның қызметтік куәліктерінің, төсбелгілерінің және нысанды киім элементтерінің болуы тексерілді.

Ішкі істер органдарының қатардағы және басшы құрамдағы қызметкерлері үшін ауа-райы климаттық жағдайлар мен маусымды ескере отырып, белгілі бір үлгідегі киім нысаны белгіленген. Сипаттамасы, айыру белгілері, кию тәртібі мен нысанды киімммен қамтамасыз ету нормасы ҚР заңнамасымен белгіленген.

– Нақтырақ айтсақ, ҚР ІІО ішкі қызмет Жарғысының бекіту туралы 2013 жылғы 01 сәуіріндегі № 213 бұйрығын және ҚР ІІМ –нің ҚАЖ комитетінің нұсқаулығына сай, бүгін мекеменің жеке құрамы жазғы уақыт киім үлгісіне көшті. Іс-шара барысында әрбір қызметкерге өзінің тікелей міндетін кәсіби түрде атқарып қана қоймай, азаматтардың алдында мінсіз болып көріну және азаматтардың барлық құқық қорғау органдарына артқан сенім деңгейі оның сыртқы келбетіне тікелей байланысты екендігі жайында айтылды. Сондай-ақ, жеке құрамға нысанды киім кию ережелерін сақтауды, қызметтік куәліктерін уақытылы ауыстыруды талап еттік.Саптық тексеріс қорытындысы бойынша тергеу мекемесінің жеке құрамы жазғы киім үлгісіне толықтай дайындығы анықталды – деді, әділет капитаны Д.Шахи.

 


>>> Біздің Facebook, Instagram парақшаларымыз бен Telegram каналымызға жазылыңыз! <<<