Терроризмге қарсы аудандық комиссия отырысы өтті

6

0

Фото: Сырдария ауданы әкімдігі

Бүгін аудан әкімі Берік Сәрменбаевтың төрағалығымен аудан әкімдігі жанындағы терроризмге қарсы аудандық комиссия отырысы өтті. Комиссия отырысына тиісті мекеме басшылары қатысты.

Күн тәртібінде негізгі екі мәселе қаралды. Бірінші мәселе – жергілікті тұрғындар арасында ақпараттық-түсіндіру тобымен жүргізілген жұмыстардың өткен жылғы нәтижелері және 2026 жылға атқарылатын шаралар туралы болса, екінші мәселе – білім беру мекемелерінде діни экстремизм мен терроризмнің алдын алу шараларының және жүргізілген профилактикалық жұмыстардың нәтижелері бойынша баяндама жасалды. Күн тәртібінде аудан әкімдігі жанындағы терроризмге қарсы комиссияның және комиссия жанындағы жұмысшы тобымен ағымдағы жылы атқарылған жұмыстар бойынша да есеп тыңдалды.

Аудан басшысы баяндамашылардың ақпараттарын тыңдап, қауіпсіздік деңгейін арттыру, нысандардың терроризмге қарсы қорғалуын жетілдіру мен алдын алу шараларын күшейту бойынша бірқатар нақты тапсырмалар берді.

Сырдария ауданы әкімінің баспасөз қызметі