Шара облыстық жастар саясаты мәселелері басқармасының тапсырысы бойынша «Сана» зияткер жастар мектебі» қоғамдық қорының ұйымдастыруымен «Жастар Fest-Qyzylorda» шығармашыл жастарды дамыту орталығы қызметін ұйымдастыру (көше билері, рэп, брэйк-данс және т.б.) әлеуметтік жобасының аясында 26 наурыз күні болады.
«Сала мамандарының қатысуымен өтетін бұл бастама мәдениетке өзіндік үлес қосып, жастардың кәсіби біліктілігін арттырады», дейді жоба авторлары.





