«The world of  dance» заманауи би сайысы өткізілмек

1556

0

Жалағаш ауданындағы субмәдениет өкілдерінің басын біріктіру, достық қарым-қатынастарды нығайту және база жасақтау мақсатында «The world of  dance» заманауи би сайысы өткізілмек.
Шара облыстық жастар саясаты мәселелері басқармасының тапсырысы бойынша «Сана» зияткер жастар мектебі»  қоғамдық қорының ұйымдастыруымен «Жастар Fest-Qyzylorda» шығармашыл жастарды дамыту орталығы қызметін ұйымдастыру (көше билері, рэп, брэйк-данс және т.б.) әлеуметтік жобасының аясында 26 наурыз күні болады.
«Сала мамандарының қатысуымен өтетін бұл бастама мәдениетке өзіндік үлес қосып, жастардың кәсіби біліктілігін арттырады», дейді жоба авторлары.

 


>>> Біздің Facebook, Instagram парақшаларымыз бен Telegram каналымызға жазылыңыз! <<<