Қытайдың оңтүстік-батысындағы Тибет автономиялық аймағында болған жер сілкінісінен қаза тапқандар саны 95 адамға жетті, деп хабарлайды Qaz365.kz тілшісі Синьхуа агенттігіне сілтеме жасап.
Қытайлық басылымның мәлімдеуінше, зілзала салдарынан 95 адамның қаза тапқаны расталды, тағы 130 адам әртүрлі дәрежедегі жарақаттар алды.
Жалпы аймақ бойынша мыңнан астам ғимарат зақымданған.
Жерасты дүмпулерінің эпицентрі Динги уезінің болысында болған, онда шамамен 6900 адам тұрады, ал уездің жалпы халқы 61 мыңнан асады.
>>> Біздің Facebook, Instagram парақшаларымыз бен Telegram каналымызға жазылыңыз! <<<