«Тіл – татулық тірегі »

726

0

Фото: Ассамблея Қызылорда

Бірлік және Отан қорғаушылар күндері аясында «Славяне» қоғамдық мәдени-орталығы» қоғамдық бірлестігі 5547 әскери бөлімшесіне барып, мерекелік іс-шара ұйымдастырды.

Ән айтып, би билеп, жыр шумақтарын оқыды.
Бірлестіктің жетекшісі Галина Щербакова әскери қызметкерлерді мамыр айындағы айтулы мерекелермен құттықтады.


«Славяне» орталығы атынан баршаңызды Бірлік күні және Отан қорғаушылар мерекесімен шын жүректен құттықтаймын! Еліміздің тыныштығы мен татулығын берік сақтауға еңбек етіп жүрген сіздерге рақмет! Әрдайым ашық аспанымызда бейбітшілік орнасын! Елімізде 130-дан астам этнос өкілдері тату тәтті бір шаңырақ астында ел үшін аянбай еңбек етіп, өмір сүріп келеді. Бірлігіміз арта берсін», – деді.


Бөлімшенің әскери қызметкерлері «Славяне» бірлестігінің мүшелеріне алғысын жеткізді. Еліміздің тұғыры биік, берекелі болғай деген ізгі тілектерін білдірді.


Кеш соңында Славяне орталығының белсенділеріне Алғыс хаттар табысталды. Ал, Славяне орталығы дәстүрге сай әскери бөлімшеге әдеби, тарихи кітаптарды сыйға тартты.

DOSTYK_NEWS

 


>>> Біздің Facebook, Instagram парақшаларымыз бен Telegram каналымызға жазылыңыз! <<<