«Сыр бойы» газетінің тілшісі Гүлбану Мақажан бүгін Ішкі Істер министрлігінің бұйрығымен «Қазақстан полииясына 30 жыл» төсбелгісімен марапатталды. Қаламы қарымды журналиске төс белгіні Қызылорда облысы бойынша Қылмыстық атқару жүйесі департаментінің басшысы Шәймерден Есенгелдиев табыстады.
Гүлбану он жылдан аса журналистика саласында жемісті еңбек етіп келеді. Құқық тақырыбына қалам тербеп жүрген әріптесіміз облыстық «Ақмешіт жастары» газетінде «Тәртіп» арнайы бетінің авторы болса, «Сыр бойы» газетінде «Құқық құрығы» айдарымен материалдар жариялап жүр. Қылмыстық атқару жүйесі департаментімен тығыз әріптестік байланыс орнатқан. Темір тордың арғы жағындағы тіршіліктен арнайы мақалалар жазып, халыққа құқықтық ақпараттарды дер кезінде жеткізіп келеді.
Әріптесімізді құттықтап, шығармашылық табыс тілейміз!
«СБ» ақпарат
>>> Біздің Facebook, Instagram парақшаларымыз бен Telegram каналымызға жазылыңыз! <<<