30 маусым – 1 шілде күндері «Евразия» спорт кешенінде Тимур Қожаниязовты еске алуға арналған шағын-футболдан турнир өтеді. Биыл үшінші мәрте ұйымдастырылатын турнирге 8 команда қатысады.
Жарыстың мақсаты – Тимур Салаватұлын еске алу, жастар арасында салауатты өмір салтын насихаттау, шағын-футболды одан әрі дамыту.
Турнирді ұйымдастырушылар: облыстық дене шынықтыру және спорт басқармасы, облыстық футбол федерациясы, «Интергаз Орталық Азия» АҚ-ның Қызылорда филиалы және Қожаниязовтар әулиеті.
Жарыс 30 маусым күні сағат 09.00-де басталады, 11.00-де салтанатты ашылуы болады.
>>> Біздің Facebook, Instagram парақшаларымыз бен Telegram каналымызға жазылыңыз! <<<