Тимур Қожаниязовты еске алуға арналған шағын футболдан турнир басталады

210

0

30 маусым – 1 шілде күндері «Евразия» спорт кешенінде Тимур Қожаниязовты еске алуға арналған шағын-футболдан  турнир өтеді.  Биыл үшінші мәрте ұйымдастырылатын турнирге 8 команда қатысады.

Жарыстың мақсаты – Тимур Салаватұлын еске алу, жастар арасында  салауатты өмір салтын насихаттау, шағын-футболды одан әрі дамыту. 

Турнирді ұйымдастырушылар: облыстық дене шынықтыру және спорт басқармасы, облыстық футбол федерациясы, «Интергаз Орталық Азия» АҚ-ның Қызылорда филиалы және Қожаниязовтар әулиеті.

Жарыс 30 маусым күні сағат 09.00-де басталады, 11.00-де салтанатты ашылуы болады.

 1 шілде күні сағат 16.00-де финал, 17.00-де жеңімпаздарды марапаттау рәсімі өтеді

 


>>> Біздің Facebook, Instagram парақшаларымыз бен Telegram каналымызға жазылыңыз! <<<