Тірлігі шырайлы Шиелі

485

0

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаев «ӘДІЛЕТТІ МЕМЛЕКЕТ. БІРТҰТАС ҰЛТ. БЕРЕКЕЛІ ҚОҒАМ» атты Қазақстан халқына Жолдауын жариялады. Ел үшін Жолдаудың мән-маңызы айрықша. ауқымы кең, мазмұны бөлек.

Шиелі ауданының әкімі Нұржан Ахатов алдағы уақытта жүзеге асырылатын саяси реформалардың жаңа бағдарламасы мен әлеуметтік-экономикалық бағытта атқарылатын іс-шаралар, ішкі, сыртқы саясат, қауіпсіздік мәселелерін айқындағанын хабарлады. Президент саяси реформалардың 5 бағытын нақтылап берді. Осы ретте, Жолдаудан туындайтын бірқатар міндеттерді жүзеге асыру мақсатында ауданымызда тиісті шаралар қабылданып, Жолдауды кеңінен ақпараттандыру бағытында нақты жоспарлар жүзеге асырылатын болады.

Жолдауда айтылған барлық бағыттар бойынша Шиелі ауданында нақты іс-шаралар қабылданып, іске асырыла бастағаны байқалады.

Бұған аудандағы әлеуметтік-экономикалық дамудың барлық көрсеткіштері бойынша оң өсім дәлел.

Бюджет және салық

Аудандық бюджеттің кірістері 2022 жылға барлығы 22 млрд 957,5 млн теңгеге жоспарланыпты. Биылғы жылдың 1 қарашасында бұл жоспар 13 млрд 854,6 млн теңге көлемінде орындалған. 1 млрд 868,5 млн теңгеге жоспарланған ауданның өз кірістері 3 млрд 84,7 млн теңгеге, яғни, 165,1%-ке орындалып отыр. Трансферттік түсімдер 11 млрд 986,1 млн теңге жоспарланып, 100% межеден шықты.

IV деңгейлі бюджеттің өз кірістері де 102,9 млн теңгеге жоспарланса, 185,9 млн теңгеге орындалып, 180,6 пайызды көрсетті.

Әлеуметтік сала

Құт-береке дарыған, ырыс-баққа жарыған Сырдың қасиетті өңірінің бірі – Шиелі. Ауданда 85 мыңнан аса тұрғын бар, олардың 37 мыңға жуығы экономикалық тұрғыдан белсенді деп саналады. Жұмыспен қамтылғандар саны – 34352, оның ішінде жалдамалы қызметкерлер – 17889, өзін-өзі жұмыспен қамтығандар – 16463 адам. Статистикалық мәліметтер жұмыссыздар саны 1801 адам, жұмыссыздық деңгейі 5% құрайды деп көрсетеді.

Ауданда 3623 жаңа жұмыс орындарын құру жоспарланып, 8 айдың қорытындысымен 2175 жаңа жұмыс орны құрылды немесе 60 пайызға орындалды. Жыл аяғына дейін жоспар орындалады.

Ауданның барлық макроэкономикалық көрсеткіштерінде өсу тенденциясы қалыптасқан. Өнеркәсіп өнімін өндіру 108,6 пайызға, өңдеу өнеркәсібі 107,2 пайызға, ауыл шаруашылығы өнімі 1,7 пайызға, сауда айналымы 3,9 пайызға, құрылыс жұмыстарының көлемі 42,6 пайызға, пайдалануға берілген тұрғын үйлер көлемі 5,8 пайызға артса, инвестиция тарту 13,2 пайызға ұлғайды.

Кәсіпкерлік және инвестиция

Аудан халқы атамзаманнан бейнетке дағдыланған, атақты дала академигінің ізбасарлары еңбек ырғағынан ешқашан жаңылған емес.

Есепті мерзімге тіркелген шағын және орта кәсіпкерлік субъектілерінің саны – 5 564 бірлікті құрады. Оның ішінде 562 заңды тұлға, 3 126 жеке кәсіпкер, 1 876 шаруа қожалығы болып табылады.

Жұмыс жасап тұрған шағын және орта кәсіпкерлік субъектілерінің саны – 5 265, өткен жылдың сәйкес кезеңімен 102,6 пайыз артты.

2022 жылға аудан бойынша 25 млрд теңге инвестиция тарту межесі бекітіліп, негізгі капиталға салынған инвестиция көлемі 8 млрд 547 млн теңгені құрап, сәйкес кезеңмен салыстырғанда 114,2 пайызға немесе 1,4 млрд теңгеге көбейді.

Аудан бойынша жыл басынан жобалық құны 8млрд 884 млн теңгені құрайтын 33 инвестициялық жоба жүзеге асырылу жоспарланды. Жобалар толықтай іске қосылғанда 501 жаңа жұмыс орны құрылатын болады.

Оның ішінде құны 6 млрд 400 млн теңгені құрайтын 4 ірі инвестициялық жобаның құрылыс жұмыстары ағымдағы жылы басталу жоспарлануда. Жобалар толықтай іске қосылғанда 230 жаңа жұмыс орны құрылатын болады.

«ADK GROUP Kazakstan» ЖШС-ның әк өндіру зауыты 1 млрд тг – 80 адам;

«KUTAU SP» ЖШС әк зауытының құрылысы 2,4 млрд тг – 70 адам;

«Шиелі Тас Оңтүстік» ЖШС әк зауыты және силикат кірпіш зауыты 3 млрд тг – 60 адам.

Қазіргі таңда, 4 ірі инвестициялық жобаларға қажетті жер телімдері беріліп құрылыс жұмыстарын бастау күтілуде.

Бүгінгі таңда аталған жобалардың ішінен құны 384 млн теңгені құрайтын 8 жоба іске қосылды. 6 жаңа жұмыс орны ашылды.

Жыл басынан жалпы мемлекеттік бағдарламалар аясында жобалық құны 640,4 млн теңгені құрайтын 49 жоба қолдау тауып шағын несие қаражаттарын алды.

«Бизнестің жол картасы – 2025» бизнесті дамыту және қолдау мемлекеттік бағдарламасы аясында субсидиялау бағыты бойынша 4 жоба 245 млн теңгеге қаржыландырылып, 4 жоба 27,2 млн теңгеге кепілдеме алды.

Шағын және орта кәсіпкерлікті дамыту мақсатында аудандағы «Наурыз-Дем» несие серіктестігі арқылы ауыл шаруашылығы бағытында жобалық құны 209,6 млн теңгені құрайтын 8 жоба қаржыландырылды.

Сонымен қатар, «Қызылорда» Өңірлік инвестиция орталығы арқылы жобалық құны 90 млн теңгені құрайтын 19 жоба қолдау алды.

«Аграрлық несие корпорациясы» АҚ арқылы мал шаруашылығын дамыту мақсатында 8 жобаға 36 млн теңге несие қаражаты берілді.

«Жұмыспен қамтудың жол картасы» мемлекеттік бағдарламасы аясында «Atameken Qyzylorda» микроқаржы ұйымы арқылы 33 млн теңгеге 6 жоба қаржыландырылды. Қосымша құны 25 млн теңгені құрайтын 6 жобаның құжаттары әзірленіп, несиелендіруге жолданды.

Индустриалдық аймақ бойынша

Шиелі кентінің шығыс жағынан индустриялық аймаққа 96 га жер беріліп, 2 млрд 865 млн теңгеге толықтай инфрақұрылым жұмыстары жүргізілді.

Оның ішінде 487,5 млн теңге бюджет қаражаты есебінен жүргізілсе қалған 2 млрд 377,5 млн теңге мемлекеттік жекеменшік әріптестік жобасы аясында жүзеге асырылды.

Бүгінгі күні, индустриалдық аймақтың 96 га жер телімінің 90 гектарына жобалық құны 70,6 млрд теңгені құрайтын 18 жобаға жер телімі бөлініп, оның ішінде 5 жоба іске қосылды.

Жобалар толықтай жүзеге асырылған кезеңде 533 адам тұрақты жұмыспен қамтылатын болады.

Биыл индустриалдық аймақта жұмыс жасап тұрған 4 жоба арқылы 14 млрд 710 млн  теңгенің өнімі өндірілді. («Гежуба Шиелі Цемент» ЖШС-14 520 млн тг, «Шиелі Жолшы» ЖШС-90 млн тг, «Бупежанова» ЖК-70,0 млн тг, «Каз Строй Орда» ЖШС-30 млн тг)

Ауыл аруашылығы

Ауданда биыл барлығы 30,1 мың гектарға ауыл шаруашылығы дақылдары орналастырылды. Жылдың басында негізгі дақыл күріштің межесі 8500 гектар болатын. Облыс әкімінің қолдауымен 12000 гектар егу мүмкіндігі берілді. Дегенменде шаруа қожалықтары вегетация кезеңінде судың тапшылығына байланысты тәуекелдің алдын алып, барлығы 10750 гектар жерге күріш орналастырылды.

Оның ішінде: күздік бидай – 1 649 гектар, жаздық бидай – 456 гектар, тары – 280 гектар, арпа – 50 гектар, дән жүгері – 110 гектар, мақсары – 1 494 гектар, соя – 150 гектар, күнбағыс – 15 гектар, жаңа жоңышқа – 3 400 гектар, ескі жоңышқа – 6 147,8 гектар, мал жемдік асқабақ – 137,6 гектар, сондай-ақ, картоп – 1 198,1 гектар, көкөнiс – 1 769 гектар және бақша дақылдары – 2 408 гектар егіледі. Ал, негізгі дақыл күріштің үлесі – 10 750 гектар. Жалпы егіс көлемінің 35,7 пайызын құрап отыр.

Егін шаруашылығын әртараптандыру мақсатында ескі жоңышқа көлемін 6147 гектарға, жаңа жоңышқа 3400 гектарға, соя 150 гектарға, дәнді жүгері 110 гектарға, арпа 50 гектарға, жемдік жүгеріні 60 гектарға, мал жемдік асқабақ 137 гектарға, тары 280 гектарға, мақсары 1494 гектарға артып отыр. Бұл жұмыстар келер жылы одан әрі жалғасын табатын болады.

Бүгінгі таңда жоңышқа шөбінен 48890 тонна өнім, 456 гектар жаздық бидайдан 410 тонна өнім жиналды.

Көкөніс, бақша дақылдарын жинау жұмыстары қарқынды жүруде. 1 қыркүйекке 1769 гектар көкөністің 1681 гектарынан 33620 тонна, 2408 гектар бақша дақылдарынының 2335 гектарынан 53705 тонна өнім жиналды.

Мал шаруашылығында төрт түлік мал басы мен өндірілген өнім көлемінде де тұрақты өсім бар.

Атап айтқанда, ағымдағы жылдың 1 тамызына ауданда 89 509 бас мүйізді ірі қара, 136 320 бас уақ мал, 23778 жылқы, 1 656 бас түйе, 31 918 бас құс өсірілуде.

Барлық 5 375,2 гектар картоп, көкөніс, бақша дақылдарының ішінде 54,5 гектары шаруа қожалықтарға, үй іргелік жерлерге 481 гектар және шаруа қожалық жерлеріне жеке тұрғындар есебінен 4 839,5 гектарға егілді.

Азық-түлік қауіпсіздігін, тұрғындардың өзін-өзі әлеуметтік маңызы бар картоп, көкөніс, бақша өнімдерімен қамтамасыз етуге қатысты шаруашылық құрылымдары тарапынан ауыл тұрғындары үшін егіс алқаптарынан аудан бойынша қосымша дайындалған 81,1 гектар жер көлемі 350 отбасыға бөлініп беріліп, бүгінгі күнге оның 12,1 гектарына картоп, 35,5 гектарына көкөніс, 33,5 гектарына бақша дақылдары егіліп, өнімдері жиналуда.

Қазіргі баға тұрақсыздығының алдын алу, халықтың өзін өзі азық-түлікпен қамтамасыз ету бағытындағы жұмыстарға ерекше маңыз берілуде.

Тірлігі шырайлы Шиелі

Құрылыс, сәулет саласы

Облыс әкімінің тапсырмасына сәйкес аудан бойынша жалпы құны 15,9 млрд теңге болатын 65 жоба ұсынылды. 31 жоба қысқа мерзімді, 24 жоба орта мезімді,10 жоба ұзақ мерзімге белігіленді.

Сонымен бірге, 7,3 млрд теңге болатын бірінші кезекті қажетті 30 жоба іріктеліп, жоба сметалық құжаттары демеушілер есебінен дайындалды.

«Ауыл – Ел бесігі» бағдарламасы аясында Шиелі кентінде денешынықтыру-сауықтыру кешенінің құрылысына 524 млн теңге қаржы бөлініп, құрылыс жұмыстары басталды.

Аудан орталығындағы №45 мектептің, Бидайкөл елді мекеніндегі №148 орта мектептің, Ы.Жақаев елді мекеніндегі №149 орта мектептің бу қазандықтарын қайта жабдықтап, газға ауыстыру жұмыстарына 104 млн теңге қаржы бөлініп, тиісті жұмыстары жүргізілуде.

Бала би елді мекенінің балалар-жасөспірімдер спорт мектебінің ғимаратына 377 млнтеңгеге күрделі жөндеу жұмыстары жүргізілуде.

Шиелі кентіндегі Көкшоқы спорт клубының жабық ғимаратына 105 млн теңге қаржы бөлініп, жөндеу жұмыстары басталды.

Байсын елді мекеніндегі 250 орындық №207 мектептің құрылысына762 млн теңге қаржы қаралып, биылғы жылға 180 млн теңге қаржы бөлініп, құрылыс жұмыстары басталды.

Тұрғындарды баспанамен қамту мақсатында ауданда «Нұрлы жер» мелекеттік тұрғын үй құрылысы бағдарламасы аясында Шиелі кентіндегі 18 пәтерлі 4 тұрғын үй құрылысының жұмыстары жүруде.

Бүгінгі таңда ауданға қарасты 1 кент және 22 ауылдық округтерінде тұрғындарға қажетті бірқатар жұмыстар бюджеттің мүмкіндігіне қарай жүргізілуде.

– Аудан орталығы Шиелі кентіндегі тұрғындардың ұсыныстарының орындалуы кенжелеп қалғандығы байқалды. Осы ретте, аудан әкімдігі мен мәслихат депутаттары ақылдаса отырып Шиелі кентіне басымдық беріп, абаттантыру, көркейту-көгалдандыру, инфрақұрылым жүйелерін жаңарту, көшелерді жарықтандыру және асфальттау, жаяу жүргінші жолын салу бағытында тиімді жобаларды жүзеге асыруды қолға алып, сессияда 600 млн.теңгеқаражаттарды қарастырдық, – аудан әкімі Н. Ахатов.

Шиелі кентіндегі 20 тұрғын үйдің инфрақұрылымының құрылысына 59 млн 713 мың теңге, Шиелі кентінің шығыс аймақтарына инфрақұрылымын жүргізуге жоба сметалық құжаты мен мемлекеттік сараптаманың оң қорытындысын алуға 10 млн 974 мың теңге, Шиелі ауданында Тәусіздік саябағының құрылысы жұмыс жобасы бойынша жоба сметалық құжатына ведомстводан тыс кешенді сараптама жүргізуге 1 млн 205 мың теңге, барлығы 71 млн 892 мың теңге қаржы бөлінді.

Шиелі кентінің көшелеріне түнгі жарық бағаналарын орнатуға 59 млн 426 мың теңге қаржы бөлінді. Ауылдық округтерге трансформаторлар алуға 59 млн 400 мың теңге қаржы бөлінді. Шиелі кентіндегі Жахаев, Байтұрсынов көшелерінің бойындағы көпқабатты тұрғын үйлердің ауласын абаттандыруға 22 млн теңге, аспалы көпірдің айналасын абаттандыруға 23 млн теңге, Тағзым алаңы, рәміздер алаңы, Шиелі төлқұжаты, Яссауи көшесі бойындағы аллеяға заманауи үлгідегі жарық бағаналары мен шамдарын орнату жұмыстарына 8 млн. 437 мың теңге, барлығы 53 млн 437 мың теңге қаржы бөлінді.

Шиелі ауданындағы көппәтерлі 16 тұрғын үйдің құжаттарын мемлекеттік тіркеу қызметі үшін 3 млн 82 мың теңге, Темір жол арқылы автомобиль жолы көпірінің үстінен орнатылған көше жарығының төлем ақысына 750 мың теңге, Қодаманов елді мекеніндегі автомобиль жолындағы көпірді күрделі жөндеу, кешенді сараптамадан өткізуге 500 мың теңге, аудан жолдарына жылдамдығын шектейтін жасанды жол кедергілері мен жол белгілерін орнатуға 8 млн 400 мың теңге, Кент әкімі аппаратына «Сасқұм» полигонын қоршалауға 37 млн 882 мың теңге, Яссауи көшесінің бойына автобус аялдамасын соғуға 1 млн 830 мың теңге, Шиелі кентінің көше жарықтарының төлем ақысына 15 млн теңге, Шиелі кентіндегі иесіз қатты қалдықтарды шығаруға 20 млн теңге, Каюпов, Бұдабай, Ә.Смайлов көшесіндегі көпірдің үстінен жаяу жүргіншілер жолын салуға 3 млн 439 мың теңге, И.Абдикәримов және Самара-Шымкент бойындағы «Қош келдіңіздер» аркаларын ағымдағы жөндеу жұмыстарына 10 млн 281 мың теңге, Көше бағаналарының түптерін сырлау 493 мың теңге, Шиелі кентіне 2 балалар ойын алаңын орнату 30 млн теңге, Билборд тұғырларын жаңадан орнату 7 млн теңге, Шиелі кентіне ЛЭД Экран орнатуға 40 млн теңге, «Рухани жаңғыру» аллеясын жөндеу жұмыстарына 2 млн 500 мың теңге, барлығы 181 млн 115,7 мың теңге қаржы бөлінді.

Тұрғын-үй коммуналдық шаруашылығы автомобиль жолдары

Аудан бойынша жол инфрақұрылымын одан әрі жақсарту, дамыту мақсатында биылғы жылы бірқатар жобалар іске асырылуда.

«Ауыл – ел бесігі» мемлекеттік бағдарламасы аясында Бестам және Н.Бекежанов елді мекендерінде ұзындығы 20,7 шақырымды құрайтын 21 көшеге 333,9 млн теңге бөлініп, орташа жөндеу жұмыстары жүргізілді.

Аудандық маңыздағы Жуантөбе ауылына кіре беріс 6 шақырым автомобиль жолын күрделі жөндеу жұмыстарына барлығы 463 млн теңге қаржы бөлініп, бүгінгі күні құрылыс монтаж жұмыстары басталып кетті.

Алмалы, Еңбекші, Ә.Тәжібаев, Ақмая, Ы.Жахаев, Бала би, Байсын ауылдарында және Шиелі кентіндегі барлығы 36,2 шақырым көшеге орташа жөндеу жұмыстарын жүргізуге аудандық бюджеттен 629,6 млн теңге бөлініп, тиісті жұмыстар атқарылуда. Жалпы құны 498,5 млн теңгені құрайтын Бидайкөл және Әбділдә Тәжібаев елді мекендеріне кіре-беріс көпірлерінің құрылыс жұмыстары жүргізілуде.

22 ауылдық округтерге электр энергиясының қуатын арттыру үшін қосалқы станция орнатуға бюджеттен 60 млн теңге қаражат бөлінді. Бұл өз кезегінде тұрғындарды тұрақты электр энергиямен қамтамасыз етуге септігін тигізетін болады.

Жылу беру маусымы

Ауданның өндірістік және әлеуметтік кешендерін жылда жылу беру маусымын өткізу үшін жедел штаб жасақталып бірқатар жұмыстар атқарылды. Кент және ауыл әкімдері мен бағдарлама әкімшілері, кәсіпорындар бекітілген іс-шараға сәйкес жұмыстар атқаруда.

2022-2023 жылдардағы жылу беру маусымын өткізуге аудан бойынша 147 нысан, оның ішінде білім саласы 62, мәдениет 35, спорт 9, денсаулық саласынан 41 мекеме дайындалды.

147 нысаның 23-і сұйық отынмен, 100-і қатты отынмен, 24-і газбен жылытылады.

Аудандағы көмір тасымалымен айналысушы кәсіпкер «ЖК Нұрманов»-пен көмір бағасын 15,0 мың теңгеден асырмау жөнінде меморандум жасалынды.

Газдандыру

Бүгінде Шиелі кенті және Ы.Жахаев, Бидайкөл, Байсын, Н.Бекежанов, Ақмая, Алғабас және Ш.Қодаманов ауылдары, яғни аудан халқының 60 пайызы көгілдір отынын пайдалануда.

Жалпы құны 1 млрд 62 млн теңге болатын Еңбекші, Жиделіарық, Бестам, Ақтоған елді мекендерін газбен қамтамасыз ету бойынша жобалар тиісті министрліктерге тапсырылды.

Алмалы, Телікөл ауылдық округтерін жоба-сметалық құжаттары сараптама қарауында (ішкі және сыртқы магистралды газ құбыры). Болжамды құны 1,3 млрд теңгені құрайды.

Облыс әкімінің тікелей қолдауымен құрылысшылар мерекесі қарсаңында құны 2,1 млрд теңгені құрайтын Мұстафа Шоқай автоматты газ реттегіш станциясының құрылысын бастады.Тартоғай, Майлытоғай ауылдарының ішкі газ желісінің жобалық сметалық құжаттары дайындалуда.

Жоғарыда аталған жобалар іске асқан жағдайда аудан халқының 85 пайызы газбен қамтылатын болады.

Ауыз сумен қамтамасыз ету бойынша

Бүгінгі күнде Шиелі ауданы бойынша сапалы ауыз сумен 34 елді мекеннің 88 пайызы, 84 мыңнан аса тұрғынның 98 пайызы қамтамасыз етілген. Оның ішінде, орталықтандырылған ауыз су жүйесімен 23 елді мекен, жергілікті су көздері (скважина) арқылы 7 елді мекен қамтылған.

Ауыз су тұрғындарға «Жиделі топтық су құбыры» өндірістік бөлімшесі арқылы берілуде.

Ақтам, Қызылқайың және Қосүйеңкі елді мекендерін ауыз сумен қамтамасыз ету жобасы сараптама қарауына ұсынылды.

2023 жылға Жуантөбе және Лесхоз елді мекендеріне су тұшытқыштар орнатуға қажетті 34 млн 456 мың теңгеге бюджеттік өтінім облыстық бюджеттен қаралуға тапсырылды.

Шиелі кентінің ішінде су құбырлары жүрмеген көшелерге, Бұланбай бауы елді мекеніндегі ауыз сумен қамтуға және су қоймасының ұңғымасын қазу, су мұнарасын орнату, су қоймасы мен ішкі желілерін жүргізу жұмыстарына және Тұрсынбай датқа елді мекенінің ауыз су ұңғымасы, су мұнарасы, су қоймасы және ішкі желілердің құрылысын жүргізуге ЖСҚ әзірлеугебарлығы 16 млн 919 мың теңге қаржы бөлінді.

Тақыркөл бас су қоймасынан Шиелі кентіне дейінгі ұзындығы 34 шақырым болатын жоба құны 1,2 млрд теңгені құрайтын екінші су құбырын жүргізуге былтыр 45 млн теңге қаржы бөлініп, 1,8 шақырым ауыз су құбыры жүргізілді. Мердігер мекеме – «Мелиоратор» ЖШС-і.

Жер қатынастарын реттеу

Ауыл шаруашылығы жерлердің басымдығы негізге алына отырып, жыл басынан бері 15 тұлғадан жалпы көлемі – 7520 гектар жер телімі мемлекет меншігіне қайтарылды.

Ауданда Еңбекші, Жаңатұрмыс, Ақтоған ауылдық округтерінде егістік және жайылымдық жер мәселелері бар. Туындаған мәселелерге қатысты түсіндірме жұмыстары жүргізілуде. Атап, айтқанда Еңбекші ауылдық округіндегі орналасқан көлемі 500 гектар жайылымдық жер учаскесі жыл соңына дейін елдімекеннің жайылымына қайтарылатын болады.

Ең бастысы, егін егілуіне, мал жайылымына жағдайлар жасалып отыр.

Шиелі кентінен жер телімін алуға ниетті азаматтар тізімі бүгінгі таңға нақтыланып, 7 911-ы құрап отыр.

Шиелі кентінің шығыс аймағынан 115 гектар жер учаскесіне және Жаңатұрмыс елді мекенінен 62 гектар жер учаскесіне егжей-тегжейлі жоспарлау жұмыстары жүргізілуде.

Сонымен бірге, Шиелі кентіндегі арнайы жер кезегіне тұрған азаматтардың өтініштері тым көп болуынан, өтініш иелері келісім берген жағдайда инфрақұрылыммен қамтамасыз етілген кентке жақын ауылдық округтерден жер учаскесін табыстау мүмкіндіктері қарастырылуда.

«Е-қазына» мемлекеттік мүлік тізілімі арқылы сауда саттықтар ұйымдастырылып, кәсіпкерлік бағытта жалпы құны 51 млн теңгеге жер телімдері сатылды.

Білім саласы

Ауданымыз бойынша білім саласында жұмыстар тиісті стандарттарға сәйкес атқарылуда. Ауданда 42 мектеп жұмыс жасайды, екеуі (Samgau school, Ziyatker school) жеке мектеп, қалғаны мемлекеттік мектеп.

2022-2023 оқу жылында бірінші сыныпқа барлығы 1 850 оқушы қабылданып, 1-11 сынып аралығында 18970 бала білім алуда.

Өткен оқу жылының қорытындысымен 11 – сыныпты 936 оқушы аяқтады, оның 742-сі, яғни 79,1% ҰБТ-ға қатысып, орташа балл 75,3 құрады.

Аталған оқушылардың 460-ы жоғарғы оқу орындарына грантқа түсіп, 60,5 пайызы студент атанып отыр. Барлық мектеп бітірген түлектеріміз орта арнаулы және жоғары оқу орнымен қамтамасыз етілді.

Ал, аудандағы 103 мектепке дейінгі ұйымда 5987 бала тәрбиеленуде. 2-6 аралығындағы балаларды қамту 60%, 3 жастан 6 жасқа дейін балаларды қамту көрсеткіші – 100 пайызды құрап отыр. Жеке балабақшалар үлесі – 72,8%.

75 жекеменшік балабақшаның 46-ы аудан орталығында, 29-ы ауылдық елді мекендерде орналасқан.

Үстіміздегі жылы 14564 бала жазғы демалыс және сауықтыру жұмыстарымен қамтамасыз етілді. Оның ішінде 700 бала аудан орталығындағы «Сыр ұланы» лагерінде, 13864 бала мектеп жанындағы лагерде демалды.

1 маусым балалар мерекесі қарсаңында 60 балаға облыс әкімінің атынан мерекелік сыйлық – велосипед тарту етілді.

ҚР Үкіметінің 2008 жылғы 25 қаңтардағы №64 қаулысына сәйкес төрт санатты қамтитын отбасылардан шыққан 4018 балаға барлығы 150 млн.теңге көмек берілді. «Қазақстан халқына» қорынан 530 балаға 16 млн теңге көмек беруге ұсыныс берілді.

«Мектепке жол» акциясы аясында демеушілер есебінен 1611 тұрмысы төмен отбасынан шыққан балаларға қажетті құрал жабдықтармен, киім кешекпен қамтамасыз етілді. Дегенмен, білім саласы бойынша бірқатар мәселелер шешімін табуды қажет етеді.

Бірінші – аудан орталығындағы №48Ә. Қоңыратбаев атындағы мектеп-лицейіне 300 орындық қосымша ғимарат салу мәселесі туындап отыр. Бүгінгі күні тиісті жобалық сметалық құжаттары дайындалып, тиісті сараптаманың оң қорытындысы алынды. Мектеп ғимараты 2007 жылы 464 орындық болып салынған. 2022-2023 оқу жылына 1-11 сынып аралығында 902 оқушы білім алуда. Алдағы уақытта үш ауысымды оқу қаупі бар.

Екінші – №46 А.С.Пушкин атындағы мектеп-лицейіне қосымша 400 орындық ғимарат салуды қажет етеді. Мектеп-лицей ғимараты 1968 жылы салынған. Ғимараттың жобалық қуаты 740 орындық. 2022-2023 оқу жылына 1-11 сынып аралығында 1497 оқушы білім алуда. Аудан бойынша орын тапшылығы орын алып отырған осы мектеп-лицейге қосымша ғимарат қажеттілігі туындауда.

Сонымен бірге, 21 мамыр және 30 шілде күндері аудан аумағында қатты дауылды жел тұрып, табиғи сипаттағы төтенше жағдай орын алды. Салдарынан Бәйгеқұм, Қарғалы, Жөлек, Ақтоған, Еңбекші ауылдық округінің Қосүйеңкі елді мекеніндегі және Бәйтерек ауылдық округінің Ақтам елді мекеніндегі мектептердің шатырлары түгел ағаштарымен бірге және бірқатары ішінара шатырлары ұшып қираған. Жобамен 45 млн теңгеден астам шығын келтірілген болатын. Қазіргі таңда облыстық бюджеттен тиісті қаражаттар бөлінуде.

Мәдениет

Шиелі ауданында бүгінгі таңда аудан халқына барлығы 27 мәдени ошақтары, 2 мәдени-демалыс кешендері және Нартай өнер мектебі халыққа мәдени қызмет көрсетеді. Жыл басынан бері 242 шара ұйымдастырылып, 31 мыңға жуық тұрғындар, ал «Балалар жылына» орай 19 шара өтіп, 2 мың жуық балалар қатыстырылды.

Мәдениет саласы бойынша қазіргі таңда бірінші кезекте мүлдем клуб үйлері жоқ Ортақшыл, 1 Май елді мекендеріне және ғимараттары апаттық жағдайда тұрған Жансейіт, Майлытоғай, Ақтоған, Телікөл, Қарғалы, Бестам, Алмалы, Ботабай елді мекендеріне жаңадан клуб үйлерін салу қажеттігі туындауда. Осы мәселелерді шешу бағытында тиісті жұмыстар жүргізілуде.

Спорт саласы

Облыс әкімінің тапсырмасына сәйкес «Балалар жылы» аясында аудан көлемінде демеушілер есебінен 5 балалар ойын алаңдарын салу үшін тиісті жұмыстар жүргізілді. Жер телімдері анықталды. 3 аудан орталығында, екеуі Бәйтерек және Жаңатұрмыс ауылдық округтерінде орналасатын болады.

Ауданда 11 олимпиадалық, 4 ұлттық спорт түрлері, 8 олимпиадалық емес спорт түрлерімен шұғылданады.

Жалпы аудан көлемінде спорт мектептерінде барлығы 1950 жастар мен жасөспірімдер қамтылып отыр. Бұл аудандағы жасөспірімдердің 19 % қамтиды.

Жыл басынан бері аудан спортшылары республикалық жарыстармен ҚР чемпионатында 13 алтын, 15 күміс, 41 қола, әлем біріншілігімен әлем кубоктарында 1 қола медаль, Азия біріншілігінде 1 қола медаль иеленді. 2022 жылы басынан 3 спорт шебері, 1 халықарлық дәрежедегі спорт шебері, 27 – спорт шеберіне үміткер, 28 – І раязрядты спортшылар дайындалған. ҚРҰлттық құрама мүшелігіне 9 спортшы енгізілген.

Ауданымызда бір мезгілде 2 спорт нысанының күрделі жөндеу жұмыстары мен 1 жаңадан спорт кешені құрылысының бастауына ел азаматтары қуаныштарын білдіруде.

Шиелі ауданынан түлеп ұшып, әлемдік спорт додасында олжа салып жүрген мақтаныштарымыз да бар. Айзада Мүптілда, Асылжан Бектай, Ботагөз Қапанова, Бекжан Төлеп сынды жастар топ жарып, ел мерейін асыруда.

Жақында ғана Түркияның Конья қаласында өткен Ислам ынтымақтастығы ойындарында ауыр атлетикадан аудан мақтаныштары Айзада Мүптілда чемпион атанып, Бектай Асылжан қола жүлдеге ие болды.

Денсаулық сақтау

Амбулаториялық емханалық мекемелер бойынша барлығы 191 дәрігер, 875 орта буынды медицина қызметкері жұмыс жасайды. Олар медициналық қызметтің 27 түрі бойынша мамандандырылған көмек көрсетеді.

8 айда скринингтік тексерулерден 26452 адам жоспарланып, 23322 адам өтті немесе88,0 пайыз қамтылды.

1 қыркүйекке 1402 бала дүниеге келсе, өкінішке орай 319 азаматымыз, оның ішінде 13 сәби қайтыс болған.

Елді мекендерді аралау барысында бірқатар ауылдық округтерде әлі де болса дәрігерлік нысандарды жаңалауды және жаңадан талаптарға сай ғимарат салу қажеттігі анықталуда.

Бүгінгі күнге денсаулық сақтау саласы бойынша Балаби, Досбол би, Бұланбай бауы елді мекендерінің ЖСҚ дайындалып, мемлекеттік сараптаманың оң қорытындысы алынған. Жалпы жоба 1,2 млрд теңге.

Денсаулық сақтау басқармасымен бірлесе тиісті шараларды қабылдайтын боламыз.

Қылмыстылық жағдай бойынша

Аудан көлемінде қоғамдық тәртіп пен жол қауіпсіздігін қамтамасыз ету бағытында биыл жалпы қылмыстық құқық бұзушылықтың тіркелуі 21,9 пайызға төмендеді.

Оның ішінде, ауыр және аса ауыр қылмыс түрлері 14,6 пайызға, бөтен мүлік ұрлығы 9,1 пайызға, мал ұрлықтары 15,8 пайызға, пәтер ұрлықтары 62,5 пайызға, бұзақылық қылмыстары 7,5 пайызға азайды.

Қоғамдық саяси ахуал

Аудан бойынша қоғамдық саяси ахуалды тұрақты ұстап тұру мақсатында өзекті мәселелерге қатысты ауданның шиеленіс картасы жасалып, тиісті құқық қорғау және құзырлы органдарымен мәселені шешу бағытында өзара байланыс орнатылған. Күнделікті ауданның тыныс тіршілігі, қоғамдық ахуалы бақылауға алынған.

Аудан бойынша биылғы статистикалық мәліметке сәйкес, аудан аумағында жұмыс жасайтын үкіметтік емес ұйымдар саны – 34.

Аудан көлемінде 2022 жылға 18 мемлекеттік әлеуметтік тапсырыс бойынша жобаларды жүзеге асыру үшін 50 млн теңге қаржы қарастырылып, тиісті шаралар атқарылуда.

Шиелі ауданы бойынша биыл жергілікті жерде мемлекеттік жастар саясатының жүзеге асырылу мақсатына кешенді іс-шаралар жоспары бекітіліп, тиісті жұмыстар жасалып келеді.

Жыл басынан бері жастар саясатын дамыту бағытында түрлі форматтағы 91 шара ұйымдастырылды, 4 320 жас қамтылды.

Ауданда «Халық үніне құлақ асатын мемлекет» тұжырымдамасын жүзеге асыру бағытында тиімді кері байланыс орнату жұмысы жолға қойылған.

Бекітілген кесте бойынша аудан әкімі, аудан әкімі орынбасарлары 306 азаматты әр түрлі мәселелер бойынша қабылдау жүргізген.

 


>>> Біздің Facebook, Instagram парақшаларымыз бен Telegram каналымызға жазылыңыз! <<<