«Титан» сынықтары арасынан адамның дене мүшелері табылды

701

0

«Титан» батискафы сынықтары арасынан адамның дене мүшелері табылды. Бұл туралы АҚШ жағалау күзеті мәлімдеді, деп хабарлайды Tengritravel.kz тілшісі Sky News-қа сілтеме жасап.

«АҚШ денсаулық сақтау мамандары оқиға орнында сынықтардың арасынан табылған адамның дене мүшелеріне ресми талдау жүргізеді», – деді ведомство өкілдері.

Айта кетейік, 28 маусымда жарылған батискафтың сынықтары Канадаға зерттеу үшін жеткізілген еді.

Бес турисі бар батискаф 19 маусымда Атлант мұхитында жоғалып кетті. Бортта британдық миллиардер Хамиш Хардинг, сондай-ақ Пәкістандағы ең бай адамдардың бірі, Prince’s Trust басқармасының мүшесі, миллиардер Шахзада Дауд және оның ұлы Сүлейман болған еді.

Экспедиция аты аңызға айналған «Титаник» кемесіне бет алған. 22 маусымда су астындағы батискафтың ішінде оттегінің таусылғаны туралы хабарлама келіп түсті. Кейін іздестіру кезінде батискафтың қалдықтары табылды. АҚШ жағалау күзетінің хабарлауынша, су астындағы батискафтың ішінде жарылыс болғанын айғақтайтын дәйектер табылған. Мамандар «Титан» батискаф экипаж мүшелерінің қалай қайтыс болғанын айтып берді.

 


>>> Біздің Facebook, Instagram парақшаларымыз бен Telegram каналымызға жазылыңыз! <<<