Сондай-ақ, бірнеше лайнерді Титаник жолымен Саутгемптоннан Нью-Йоркқа апта сайын жіберіп отыру жоспарланған. Жалпы құны $ 500 миллион тұратын жобаны аустралиялық миллиардер Клайв Палмер қаржылай қолдап отыр.
«Титаник» репликасын, яғни, дәл көшірмесін жасаумен Сычуань провинциясындағы Blue Star Line компаниясы айналысады. Иә, бұл айсбергке қарсы тұра алмаған түпнұсқа «Титаникті» жасаған компанияның өзі. Кеме интерьері де толық сақталады екен. Дизайн жағынан барлығы толықтай ескеріледі. Бір қызығы, кеме заманауи технологиялармен де жабдықталады. Бұл ұзақ қашықтыққа жасалатын саяхатты максималды түрде ыңғайлы ету мақсатында ұйымдастырылған. Лайнерге 2400 жолаушы мен 900 экипаж мүшесі сияды.
massaget.kz





