Тұлғаның жеке табыс салығын есептеу өзгерді

256

0

2019 жылғы 1 қаңтардан бастап қызметкердің салық салынатын табысы осы табыстың сомасының 90% мөлшерінде жеке тұлғаның кірісінен алынып тасталады. Бұл туралы Алматы қаласының МКД хабарлайды.
 «Бұл ереже қызметкердің республикалық бюджет туралы заңда белгіленген және тиісті қаржы жылының 1 қаңтарынан бастап қолданыста болған айлық есептік көрсеткіштің 25 айлық есептік көрсеткіш еселенген мөлшерінен аспайтын табысына қолданылады. Яғни 2019 жылдың 1 қаңтарынан бастап қызметкердің салық салынатын табысы 90% -ға азаяды. Қалған еңбек ақы 10% ставка бойынша жеке табыс салығына тиесілі болады. Сондықтан салық жүктемесі 10 есе азаяды», – делінген департаменттің хабарламасында.

 inform.kz

 


>>> Біздің Facebook, Instagram парақшаларымыз бен Telegram каналымызға жазылыңыз! <<<