ТІЛЕК ПЕН ТІРЕК

201

0

Партияның 20 жылдығына орай ұйымдастырылған алқалы мәжілісте Мемлекет басшысы республикалық бюджеттің 40 проценттен астамы әлеуметтік салаға жұмсалатынын айтты.
Жиында Мемлекет басшысы әсіресе, әлеуметтік мәселелерге тоқталды. Қазіргі әлемдік экономикалық қиындықтарға қарамастан Қазақстан әрі қарай жылжу керектігін айтып, ел дамуына ықпал ететін бес маңызды бағытты алға тартты.
Жергілікті атқарушы органдарда төменгі сатыда жұмыс істейтін қызметкерлердің жалақысы өсетіні көпшілікті қуантты. «Олар облыс, аудан мен ауылдарда халықпен тығыз жұмыс істейді. Сондықтан осы санаттағы қызметкерлердің жалақысын 25 пайызға көтеруді тапсырамын. Әйтпесе, бізде орталық пен аймақтардың жалақысы жағынан қатты айырмашылық бар. Ондай қызметкерлерге қолдау жасауымыз қажет», – деді Н.Назарбаев.
Әсіресе, Елбасының жаңа міндеттер мен реформалар туралы айтқандары көңілімізден шықты және бізге сенім ұялатты. Сол себепті, бұл қамқорлық біз үшін ерекше қуаныш. Лайым, жетекші партия жұмысы жемісті болсын.

Ғалия Жаңабаева, 
Сырдария ауданы,
«Шаған» бастауыш партия ұйымының төрайымы.

 


>>> Біздің Facebook, Instagram парақшаларымыз бен Telegram каналымызға жазылыңыз! <<<