«Тілектер шыршасы» шаттыққа бөлейді

378

0

«Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясы облыс орталықтары мен Астана, Алматы, Шымкент қалаларындағы фронт-офистерінде «Тілектер шыршасын» орнатты. ХҚО-ға мемлекеттік қызмет алуға келуші кез келген азамат шыршаға ілінген бала тілегін орындап, шаттыққа бөлей алады.

 Жаңа жыл қарсаңында Мемлекеттік корпорация бастамасымен аймақтардағы ХҚО-да «Тілектер шыршасы» орнатылды. Онда тұрмысы төмен отбасынан шыққан балалардың арман-тілектері жазылған хаттар ілінген. «Бұл бастаманы біз былтыр алғаш рет Алматы мен Астана қалаларында ғана өткізіп, 60 баланың тілегін жүзеге асырдық. Балаға қуаныш сыйлап, армандарын орындауға ниетті жомарт жандардың көп екенін білеміз, сондықтан бұл шараны биыл біз барлық облыстағы фронт-офистерде өткізуді жөн көрдік. Балалардың сұрататындары өте қарапайым дүниелер. Сыйлықты әперуші азамат бүлдіршінді шат-шадыман әсерге бөлеп қана қоймай, жан жылуымен бөлісіп, бала үмітін ақтайды, армандарына қанат бітіреді», – дейді мемлекеттік корпорацияның басқарма төрағасы Аблайхан Оспанов.

Шыршаға тілек жазушы балалар аймақтардағы әкімдіктер мен қайырымдылық қорларының ұсынысымен таңдап алынған, олардың арасында көп балалы отбасылар да бар. Әр шыршаға шамамен 20-30 бүлдіршіннің тілек хаты ілінген, ондағы балалардың «Аяз атадан» сұрап жатқан сыйлықтары да әртүрлі. Мысалы, қарағандылық 10 жасар Бексұлтан сырғанайтын конькиді қалайды, ал болашақта ақын болуды армандайтын талдықорғандық Диана А.С. Пушкиннің өлеңдер жинағын алғысы келеді.

  ХҚО-ға келуші кез келген азамат қалауынша хаттың біріндегі тілекті орындай алады. Қайырымдылық жасап, бүлдіршіндердің армандарын орындаған азаматтардың сыйлығы ХҚО-да арнайы мерекелік шара барысында табыс етілетін болады.

 Жаңа жыл мерекесі қарсаңында баланың ізгі тілегін орындап, әлеуметтік маңызы зор бастаманы қолдауға шақырамыз.

«Тілектер шыршасы» орнатылған ХҚО мекенжайлары:

Астана қ., Байқоңыр ауданы, №5 ХҚО бөлімі, Абай даңғ., 80

Алматы қ., Медеу аудандық ХҚО, Марков к-сі, 44

Шымкент қ., №1 ХҚО бөлімі, Мәдәліқожа к-сі, 1/16

Ақтөбе қ., №2 ХҚО бөлімі, Сәнкібай батыр к-сі, 249

Ақтау қ., №1 ХҚО бөлімі, 15 шағынаудан, 67б

Атырау қ., №1 ХҚО бөлімі, Қ.Сәтбаев к-сі, 23

Көкшетау қ., №2 ХҚО бөлімі, Абай к-сі, 96

Қарағанды қ. №3 ХҚО бөлімі, Шахтерлар даңғ., 5/2

Қостанай қ., №1 ХҚО бөлімі, Тәуелсіз к-сі, 46

Қызылорда қ., №1 ХҚО бөлімі, Ғ.Мұратбаев к-сі, 2Е

Павлодар қ., №3 ХҚО бөлімі, Павлов к-сі, 48

Петропавл қ., №1 ХҚО бөлімі, Әуезов к-сі, 157

Орал қ., №2 ХҚО бөлімі, Шағанжағажай к-сі, 84

Өскемен қ., №4 ХҚО бөлімі, Қазақстан к-сі, 159/4

Талдықорған қ., Тәуелсіздікк-сі, 67б

Тараз қ.,№5 ХҚО бөлімі, Рысбек батыр к-сі, 14

Түркістан қ., мамандандырылған ХҚО, Қызылордатасжолы, 35 а

 

 

«Азаматтарға арналған үкімет» коммерциялық емес

акционерлік қоғамының

баспасөз қызметі

 


>>> Біздің Facebook, Instagram парақшаларымыз бен Telegram каналымызға жазылыңыз! <<<