Түлектерге диплом табысталды

407

0

Түлектерге диплом табысталды «Болашақ» университетінің жоғарғы колледжінде түлектерге салтанатты түрде диплом тапсырылды.

Ғимараттар мен құрылымдарды салу және пайдалану, шаштараз өнері және сәндік косметика мамандығы бойынша білім алған 62 студенттің 6-уы үздік атанды. Салтанатты кеште университет ректоры, техника ғылымдарының кандидаты, профессор Қ.Дәуренбеков бітірушілерді құттықтап, оларға диплом табыс етті. Ал үздік оқумен қатар, қоғамдық шараларға белсене араласқан студенттердің ата-аналары алғыс хаттарын иеленді.

Кеш барысында колледж директоры Ш.Досжанова, директордың оқу жұмыстары жөніндегі орынбасары А.Рахметова жүрекжарды тілектерін білдірді. Диплом тапсыру кеші концерттік бағдарламамен жалғасты.

 

Түлектерге диплом табысталды Түлектерге диплом табысталды 

Маржан НҰРХАНҚЫЗЫ,

Қорқыт ата атындағы ҚМУ-дың студенті.