ТІЛСІЗ ЖАУДАН САҚТАН БІЛУ ҚАЖЕТ

266

0

 Аптаның сәрсенбісінде Шиелі ауданы №9 өрт сөндіру бөліміне облыстық бюджет есебінен алынған жаңа өрт сөндіру автокөлігін салтанатты түрде табыстау рәсімі өтті. 

    Аталмыш шара барысында Шиелі ауданының әкімі Әшім Оразбекұлы төтенше жағдайлар туындай қалған сәтте қауіптің өтінен табылатын осынау қызмет саласының көптеген жетістіктер мен тәжірибелерге қол жеткізгенін айта келе алда тұрған маңызды міндеттерге де тоқталды. Тәуелсіздік жылдарында замауи бағытта жетілдірілген құтқарушылар өз қызметтерін барынша кәсіби атқарып келеді. Солай болуы да тиіс. Өйткені, халықтың өмірін сақтап қалу мен олардың дүние- мүлкінің аман болуы құтқарушылар қызметінің басты көрсеткіші.

 Қызылорда облысы Төтенше жағдайлар департаментінің бастығы Омар Бержанов сөз сөйлеп, өз қызметтеріне барынша срегек қарау барша қызметкерлердің парызы екендігін атап айтты. Сондай-ақ, облыстық бжджет есебінен де қаржы бөлініп, ғимараттарды жөндеу мен жаңа техникалармен толықтыру шараларының жүргізіліп келе жатқандығына назар аударды. «Бүгінгі тапсырылып отырған аөрт сөндіру автокөлігі цифрлы басқару тетігіне ие, құны 39 млн. теңге тұрады»,  деген департамент басшысы Шиелі ауданында төтенше жағдайлардың орын алу фактілдерінің азайғандығын еске салып, бұл қызметкерлердің лайықты жұмыс атқарып келе жтқаны деген түйінді сөзін де айтты. Соыңана жиынға қатысушылар өрт сөндіру мекемесінің жөндеуден өткен ғимараты мен және жаңа құрал- жабдықтармен танысты.

Н.Назымханұлы,

 Шиелі ауданы 

 


>>> Біздің Facebook, Instagram парақшаларымыз бен Telegram каналымызға жазылыңыз! <<<